Оңтүстік Кореяның экс-президенті 24 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20180406143051595_small.jpg

Сеулдің Орталық соты Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хены 24 жыл бас бостандығынан айырды. Бұл жайында Риа Новости хабарлайды. 

Пак Кын Хе өткен жылдың наурызында ұсталған. Ол 18 бап бойынша айыпталып, сонымен қатар жемқорлыққа қатысы бар деп танылған. Мемлекеттік ақпаратты жасырған және пара алып кейбір шенеуніктің қызметін өсірген. Прокуратура экс-президентті 30 жылға соттап, 95 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуін сұраған.

Жемқорлыққа қатысты дау 2016 жылдың қазанында басталған.   

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар