АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция енгізуді жоспарлап отыр

/uploads/thumbnail/20180409184238184_small.jpg

Вашингтон Дума қаласындағы «химиялық шабуылдың» жауапкершілігін Мәскеу мен Тегеранға жүктеді.

АҚШ президентінің әкімшілігі осы апта ішінде Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді жоспарлап отыр. 

«Коммерсанттың» дерегіне сүйенсек, санкцияның жаңа жобасын бүгін ғана ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші қызметіне келген Джон Болтон енгізді. Ол Ресейге қатысты радикалды позиция ұстанады, сонысымен танымал.

Бұдан бұрын интернет-порталдар Дума қаласындағы хлор бомбасы жайында сириялық әскерге сілтеме беріп хабарлаған еді. Жихадшылардың еріктілер корпусы аталатын «Ақ каска» ұйымы 25-70 адамның қаза тапқанын айтқан.

Ресей мен Иран Сирия президенті Башар Асадты қолдайтындықтан Дума қаласындағы «химиялық шабуылдың» жауапкершілігін Мәскеу мен Тегеранға жүктеді. Мәскеу хлор бомбасы жайлы ақпаратты теріске шығарды. Ресей СІМ-інің мәлімдеуінше, улы заттардың қолданылуы террористерді құрыққа түсіру мақсатында жасалған. Ведомствода хабарланғандай, Батыс тарабы Сирияға қарсы шабуылдардың себебін анықтауға кіріскен.

Қарулы Күштер бас штабының басшысы Валерий Герасимов Думадағы оқиғаға дейін-ақ террористердің шабуыл жоспары Шығыс Гуте аймағына түсетінін айтады. Сонымен қатар Герасимов шабуылға ресейлік әскедің қатысы болса, америкалық зымырандар мен олардың тасымалдаушылары соққы астында қалатынын ескертті.

Қатысты Мақалалар