Қазақстандағы бензин мен дизельдік отынның қанша жиынтық қоры бар?

/uploads/thumbnail/20180124173347576_small.jpg

ҚР Энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов Қазақстандағы бензин мен дизельдік отынның жиынтық қорын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі нарықтағы ахуал бойынша таныстырып өтсем, 2018 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша АИ-92 маркалы бензинінің жиынтық қоры 330 мың тоннаны құрап отыр. Ал дизельдік отын бойынша жиынтық қор - 325 мың тонна. Жалпы жағдай тұрақты. Мұнай өнімдерін өндіруді шектеу байқалмайды», - деді Қуаныш Құдайбергенов ОКҚ-да өткен бүгінгі баспасөс мәслихатында.

Оның айтуынша, отандық мұнай-өңдеу зауыттарын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар бітуге таяп қалған.

«Атап айтқанда, Павлодар МӨЗ жаңғырту жұмысын аяқтады, Атырау МӨЗ барлық механикалық шаруаларын аяқтап, қазіргі уақытта қалған жұмысты тәртіпке келтіруде. Атырау МӨЗ-де каталитикалық крекинг орнатылып, ол зауыттағы бензинді екі есеге көп өндіруге қол жеткізілгенін естіген боларсыздар. Сондай-ақ, Шымкент МӨЗ-ді жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын», - деп түйді Қуаныш Құдайбергенов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар