Торонтодағы шабуыл: "Мұндай сұмдықты ешқашан көрген емеспіз" (видео)

/uploads/thumbnail/20180424181059130_small.jpg

Торонтода ауыр жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті. Соның нәтижесінде 10 адам көз жұмды, 15 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыс жасаған адам ұсталды. Ол 25 жастағы Алек Минасян. Қазір полицейлер одан түсініктеме алып жатыр. Алек Минасян оқиға орнынан қашуға талпынған, бірақ полицейлер оны ұстап үлгерді.

Полиция басшысы Марк Сандерс ер адамның әрекеті қасақана жасалғанына сенімді.

Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Канаданың премьер-министрі өзінің твиттер парақшасында қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты.

«Канада Торонтодағы жағдайда көз жұмғандардың туыстары мен достарымен бірге. Жарақат алғандарға тезірек сауығып кетуін тілейміз» деп жазды Джастин Трюдо.

Қатысты Мақалалар