КХДР және Оңтүстік Корея басшылары татулық символы ретінде ағаш отырғызады

/uploads/thumbnail/20180426094225514_small.jpg

Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин мен КХДР президенті Ким Чен Ын екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың оңалуына байланысты татулық символы ретінде ағаш отырғызбақшы. Бұл туралы бейсенбіде Корея Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы Им Чжон Сок мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Түске таман қос президент татулық пен өркендеу жолында ағаш отырғызады», - деді ол.

Им Чжон Соктың сөзінше, екі елдің көшбасшылары 1953 жылы Корея соғысы аяқталғаннан кейін Сеул мен Пхеньян бітімгершілік келісімге қол қойған уақытта алғаш рет өсірілген қарағай ағашын отырғызады. Ағаш жанына «Бұл жерде Бейбітшілік пен Өркендеу тамыры етек жайды» деп жазылған тақтайша орнатылады.

Екі ел арасындағы тарихи кездеу 27 сәуірде Пханмуджом шекара пунктінде өтеді.

Қатысты Мақалалар