Түркияның билеуші партиясы биыл 24 маусымда өтетін президент сайлауына үміткер ретінде түрік басшысы Тайып Ердоғанды ұсынды.
Ердоғанның президентікке үміткер болуын партияның 316 депутаты қолдаған.
Бұған дейін Ердоған кезектен тыс президент және парламент сайлауы 24 маусымда өтетінін мәлімдеген. Мұндай шешімді Түркия президенті жедел түрде президенттік басқару жүйесіне көшумен байланысты деп түсіндірді.
Түркияда парламенттік басқару нысаны 1923 жылы Түркия Республикасы құрылған сәттен бастап әрекет етеді. Былтыр парламенттік басқару жүйесінен президенттік билікке ауысуға шешім қабылдап, дайындыққа кірісіп кеткен.
Пікір қалдыру