АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың ата-анасы АҚШ-тың азаматтығын алмақ, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі breakingnews.ie-ке сілтеме жасап. Ол үшін отбасылық жұп АҚШ-қа келді. Виктор Кнавсв пен Амалия Кнавсвтың адвокаты Майкл Уайлдстың айтуынша, олар АҚШ-қа заңды түрде тұрақты тұрғын ретінде келген.
АҚШ президенті Дональд Трамп қайын жұртына азаматтық беруге қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартты.
Айта кетейік, Виктор мен Амалия Кнавсвтар Словения елінің азаматтары. Мелания Трамп Словенияда дүниеге келген. 1996 жылдан бастап АҚШ-та жұмыс істеген. 2006 жылы Дональд Трампқа тұрмысқа шыққаннан кейін ғана АҚШ азаматтығын алған.
Пікір қалдыру