"Ол бізге патша емес": Алексей Навальный тұтқындалды (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20180505194255186_small.jpg

Ресейдің бірнеше қаласында оппозиционер Алексей Навальныйдың бастамасымен "Ол бізге патша емес" ("Он нам не царь") қарсылық шаралары өтіп жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәскеу орталығындағы шеруге барған Алексей Навальныйды полиция ұстап әкетті. "Навальный Пушкин алаңына келген бетте тұтқындалды", — дейді оппозиционер Леонид Волков.

Ресейдегі наразылық акциясы

Мәскеу билігі наразылық акциясын өткізуге келісім бермеген, прокуратура оппозиционер Алексей Навальныйға заңсыз шеру өткізудің салдары қиын болуы мүмкін екенін ескерткен.

Орыс БАҚ-тары таратқан ақпаратқа сүйенсек, шеру Хабаровск, Владивосток, Южно-Сахалинск, Иркутск және Комсомольск-на-Амуре қалаларында да болған.

Ресейдегі наразылық акциясы

"Ол бізге патша емес" акциясы Владимир Путиннің 7 мамырға белгіленген ұлықтау рәсіміне қарсы ұйымдастырылды. Бұған дейін Ресейдің Санкт-Петербург, Тамбов, Чебоксары және өзге қалаларында Навальныйдың жақтастарын полиция тұтқындаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар