Бүгін Владимир Путиннің инаугурациясы өтті. Ол 4-ші рет Ресей президенті болып сайланды. Келесі президенттік сайлау 6 жылдан кейін өтеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Владимир Путин инаугурация кезінде халық игілігі үшін қызмет етуге уәде берді.
«Ресей президенті қызметіне тағайындалған осы минуттарда әрқайсыларыңыз үшін, көп ұлтты халық үшін, ата-бабаларымыз, Ресей алдында мойныма үлкен жауапкершілік артылып отырғанын ерекше сезініп отырмын» деді Владимир Путин.
Путиннің инаугурациясы Кремль сарайында өтті.
Айта кетейік, президенттік сайлау 2018 жылы 18 наурызда өтті. Сайлауға келгендердің пайыздық көрсеткіші - 67,54. Владимир Путин 76,69 пайызбен сайлауда жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Путинге 56,4 миллион сайлаушы дауыс берген.
Пікір қалдыру