АҚШ-та субтропикалық "Альберто" дауылы Флорида жағалауын шайып кетті. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. Желдің жылдамдығы 72 км/сағатқа дейін жеткен. Сонымен қатар, жауын-шашын жауып, су тасқыны болғаны туралы хабарланды.
Осыған дейін, Алабама, Флорида, Миссисипи штаттары дауылға байланысты төтенше жағдайдың жарияланғаны туралы мәлімдеген болатын.
Дауылдың салдарынан 1 млрд доллар шығын шығуы мүмкін.
Пікір қалдыру