Қазақстандықтардың айлығы өскен. Бұл туралы Ranking.kz зерттеушілері хабарлады.
Сарапшылардың дерегіне сүйенсек, жыл ішінде айлық мөлшері 8,7 пайызға, ал жалақы қоры 10,2 пайызға өскен.
Биылғы жылдың бірінші кварталының қорытындысына сәйкес, орташа айлық жалақы 152,4 мың теңгені құрады.
2018 жылдың қаңтары мен наурызында жалақы қоры 1,61 триллион теңгеге дейін өсті.
Жалақы қоры (трлн теңге)
Сонымен қатар, Қазақстанның ірі банктері клиенттермен қоса қызметкерлері үшін де жалақы жобаларына сәйкес тиімді қызметтер ұсынуды қолға алған.
Пікір қалдыру