Беларусьте президенттің көмекшісі парамен ұсталды

/uploads/thumbnail/20180530154007387_small.jpg

Беларусьте Лукашенконың көмекшісі, Гордиенск облысының инспекторы Сергей Ровнейко ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сергей Ронейконы 200 мың доллар көлемінде пара алып тұрған жерінен қолға түсірген. Ровнейко бұған дейін де бірнеше рет пара алу дерегіне қатысты құқық қорғау органдарының назарына іліккен.

Оған қатысты Беларусь Республикасы Қылмыстық Кодексінің 430-бабының 3-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір президент көмекшісі тергеу изоляторына қамалды. Өзіне тағылған кінәні мойындады. Егер кінәсі дәлелденсе, 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар