Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік тапсырысты бағалау жүйесі енгізіледі

/uploads/thumbnail/20180604125641554_small.png

«Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесі енгізіледі. Заң жобасы 31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қабылданды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен бағалауды жүргізудің механизмдері сипатталатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыруды бақылау және нәтижелерін бағалау ережелері пысықталуда.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау дегеніміз – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асырудан алынған нәтижелерді талдау. Ол жобаның тиімділігін анықтау, тұрғындардың қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Бағалау жоба аяқталғаннан соң мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру есептері мен бақылау нәтижелерінің негізінде өткізілетін болады. Жобалар өзектілік, жоспардың орындалуы, жобаның нәтижесі, қызметтің жалғасу мүмкіндігі, ұзақмерзімді оң әлеуметтік нәтиже мүмкіндігі және т.б. сияқты арнайы пысықталған критерийлер бойынша сарапшылар кеңесімен бағаланады.

Аталған кеңестер әлеуметтік жобалар іске асырылатын бағыттар бойынша тәжірибесі, растайтын сертификаттары бар мамандар қатарынан қалыптасатын болады.

Сонымен қоса, сарапшылар бағалауының қорытындысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау жобаларына қоғамдық талқылау өткізу және оның есебін мемлекеттік органның ресми сайтында жариялау жоспарлануда.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жобаларды бағалау жүйесін дайындау кезінде халықаралық тәжирибе зерттелді деп хабарлайды. Осындай жүйе Ұлыбританияда, Канада мен Хорватияда қолданылады, оларда әлеуметтік жобаларды іске асыру кезіндегі міндетті шарты – тұрғындарға тигізетін әсері мен нәтижесі болып табылады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесін енгізу үшін Министрлік «Азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясы» ЗТБ бірлесіп, бекітілген меморандумның шеңберінде іс-шаралар кешенін ұйымдастырды.

Сонымен, а.ж. 14-18 мамыры аралығында интерактивті түрде мемлекеттің барлық аймақтарының ҮЕҰ қатарынан маман-кеңесшілер пулын дайындау бойынша оқыту курсының бірінші кезеңі өткізілді. А.ж. маусымы мен қыркүйегі арасында даярланған маман-кеңесшілер аймақтарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылған ҮЕҰ жобаларына бағалау өткізеді.

2018 жылғы қарашаға жоспарланған оқыту курсының екінші кезеңінде өткізілген жұмыстың нәтижелері мен әлеуметтік жобаларды бағалаудың механизмдерін ары қарай жетілдіру мәселелері қарастырылатын болады.

Оқыту курсы аяқталғаннан кейін қатысушыларға Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік жобаларды бағалау жөніндегі кеңесші сертификаттары табысталады. Сертификатталған кеңесшілер бұдан кейін сарапшылар кеңестерінің мүшелеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау бойынша оқыту мастер-класстарын өткізеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалаудың алдын ала нәтижелері бойынша есептік презентация а.ж. қарашада Астанада өтетін Қазақстанның VIII Азаматтық форумы барысында өткізіледі деп жоспарлануда.

Сонымен қоса, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыру мақсатында Министрлік ҮЕҰ бірлесіп, ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдеріне оқыту семинарларын өткізуді жоспарлауда.

Қатысты Мақалалар