Саясаткер: Ресей Эстонияға шабуыл жасаса, Омбы мен Томсктан айырылады

/uploads/thumbnail/20180605104655375_small.jpg

Тоомас Хендрик Ильвес 2006-2016 жылдары Эстонияның президенті қызметін атқарған және  бүгінге дейін аталған елдің ең танымал саясаткері. Саясаткер мамырдың соңында Украинаға барған. Европейская правда газеті ол мүмкіндікті жібермей, экс-президентті әңгімеге тартқан.

Саясаткерге «Ресейден Эстонияға төніп тұрған қауіп бар ма?» деп сауал қойған.

— Әскери жағынан қауіп жоқ. Және оған біздің НАТО-ның құрамында болуымызға басты себеп болып отыр. Бесінші бап қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Әрине, Ресей Эстонияға шабуыл жасай алады. Алайда ол кезде Ресей Петерборды айтпағанда, Омбы мен Томсктан айырылады. Олар оны біледі. Басқа қауіп-қатерге келетін болсақ, онда, меніңше, 27 жылдан бері жүріп жатқан менің елімнің беделін түсіру жөніндегі науқан әлі көзін жойған жоқ. Ал Украинада, әрине, бұл мәселені түсінеді, біледі, өйткені Украинада да  «нәсілдер» және «хунта» туралы әңгімелері бар. Ол әңгімені Ресей таратып отырады. Және бұл өте қауіпті, - деді ол.

Қатысты Мақалалар