Трамптың адвокаты: Ким Чен Ын саммиттің өтуін тізерлеп отырып сұрады

/uploads/thumbnail/20180607123251564_small.jpg

Нью-Йорктің бұрынғы әкімі, бүгінде Дональд Трамптың адвокаты Руди Джулиани Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның тізерлеп отырып, америкалық президентпен кездесуін өтінді.

Wall Street Journal басылымы Руди Джулианидің сөзін бірінші болып жариялады. «Енді, Ким Чен Ын тізерлеп, біздің делегациядан кездесу өткізуден бас тартпауымызды өтінді», - деп келтірді адвокаттың сөзін америкалық басылым.

Трамп мамырда саммиттің өтпейтінін мәлімдеп, Солтүстік Корея тарапын «өзін агрессивті ұстады» деп айыптаған болатын. Алайда Ким Чен Ынның Трампқа жолданған хатынан соң АҚШ басшысы көзқарасын өзгертіп, сингапурлық саммитке дайындық басталып кеткен еді. Соңғы деректерге сәйкес, президенттердің кездесуі 12 маусымда Сентос аралында өтеді.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар