Тірідей жерленген сәби сегіз сағаттан кейін құтқарылды

/uploads/thumbnail/20180216163934651_small.jpg

Бразилияда сәбиді өлдіге балап, тірідей жерлеген. Жер астында сегіз сағат жатқан бала ғажайыппен тірі қалды. Бұл жайында The Mirror басылымы жазды.

Баланың дауысын сол жерде жүрген полиция қызметкерлері естіп қалған. Артынша жерді қайта қазып, 50 сантиметрден баланың денесін тапқан.

Полиция қызметкерлері сәбидің барлық сүйегі сынды деген оймен ауруханаға жеткізген. Ал дәрігерлер сәбидің жағдайы жақсы екенін айтқан.

Деректерге сүйенсек, сәбидің анасы – 15   жастағы Бразилия тұрғыны.  Оның айтуынша, толғақ жуынатын бөлмеде басталған. Сәбидің басы еденге тиген. Дүниеге келген шақалақ жыламаған соң, оны өлдіге балаған.

Жергілікті жердің үлкендері сәбиді  салт бойынша матаға орап жерлеу керек екенін айтқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар