Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «көзіне түсті» деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Zakon.kz сайтының тілшісіне Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин былай депті:
«Валим Машуров есімді азамат Сергей Хорошунның үстінен арыз жазды. Оған сәйкес Машуров «Тамыз инвест групп» құрылыс компаниясының жетекшісі болғанда Хорошунге қамқорлығы үшін сый-сыяпат беріп келген. Бүгінгі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің ақшасын жымқырғаны үшін 1 жылға сотталған Валим Машуров Хорошунге Астанада құрылыс жұмыстарын тыныш жүргізу мақсатында сан мәрте рет пара бергенін айтқан болатын.
Пікір қалдыру