«Некесіз бала тудың» деп қызды өз анасы мен ағасы өлтірді

/uploads/thumbnail/20180718123317869_small.jpg

Қырғызстанның Ош облысындағы Ноокат ауданында осындай қайғылы жағдай орын алды. ІІБ дерегіне сүйенсек, шілденің 2 күні Ноокат ауданының Бел ауылының төңірегінен азаптап өлтірілген 22 жастағы қыздың мүрдесі табылды. Экспертизаның айтуынша, қыздың суда жатқанына 10-12 күн болған. Күдікті ретінде қайтыс болған қыздың анасы мен туған ағасы ұсталды.

"Қыздың басы жарылған, аяғы байлаулы болған. Анасы қызын өлтіргенін мойындап отыр. Қызын қорқытпақшы болған ол қызын каналға лақтырған екен» дейді баспасөз қызметі.

Полицияның дерегіне келер болсақ, марқұм болған қыз үстіміздегі жылдың мамыр айында некесіз бала туған. Босанғаннан кейін нәрестені басқа бір отбасыға асырауға беріпті. Бірақ жақындары отбасыны ұятты еткен қызды кешіре алмаған.

Қолын қызының қанына бояған ана 47 жастағы мектептің мұғалімі болып шықты. Күйеуімен ажырасып кеткен. Дегенмен отбасы сырт көзге тату-берекелі болып көрінген. Марқұмның 24 жастағы ағасы да жалғыз қарындасының ұятты тірлігін кешіре алмай, осындай қадамға барғанын айтты. Бір айта кетерлігі, қыз өз үйінен жиі қашып кететін болған. «Сондықтан да аяғын байлап тастадық, тағы қашып кетпесін деп» деп жауап берді анасы мен ағасы.

Бүгінгі таңда олар «Қылмыс» бабы бойынша темір торға қамалды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар