Журналистер! Екпе салған балалардың жағдайы ауыр. Маржан деген Анамен сөйлестім. Қызы 1 айдан бері нашар екен. Мектептегі дәрігерлер рұхсатсыз салған екпенің кесірінен жүйке жүйесі зақымданған. Жауапсыз сұрақ көп. Үндістаннан келген екпе зерттелді ме? Егер сенімді болмаса балаларға неге екті? Ем іздеп шырылдаған ата-ананы "балаларың өтірік ауырып жатыр ҰБТ-ға қатыспас үшін" деп айыптапты біреулер. Алматыға шипа іздеп келген əкеге бір дəрігер: "Қызыңды жындыханаға апарып емдет" депті... Журналистер неге үнсіз? Депутаттардың дауысы неге бəсең? Күні кеше ғана "жалақымды қысқартпа" деп аттаған депутаттар қайда қалды? Халыққа неге қызмет етпейді, неге Денсаулық сақтау министріне сауал жолдамайды? Ол екпені Жаңаөзеннен басқа тағы қай аймақтарға таратты? Қауіпсіздік шаралары қарастырылды ма? Басқа балаларға зияны тимей ме? Адам тағдыры сайлау мен саяси науқандардан құнды. Сондықтан заңдар АДАМДАРҒА қызмет етсін! Дабыл қағайық! Қоғамдық пікір туғызайық!
Нәзия Жоямергенқызы, Facebook парақшасынан
Пікір қалдыру