Сарапшы: Адами капитал – мемлекетті дамытатын қозғаушы күш

/uploads/thumbnail/20180802153154912_small.jpg

Адами капитал экономиканы қозғайтын күш. Ол кез келген компанияның дамуына әсер етіп, табысты арттырады. Бұл туралы «Адами капиталдың» дамуы жөніндегі эксперт Вера Соломатина айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Зерде» Холдингінің дерегін негізге алып. 

«Көптеген компаниялар «адами капитал» тұжырымдамасын оңтайлы қолданып жүр. Өйткені, қатты дамып, бәсекеге қабілетті болу үшін «адами капитал» қозғаушы күш болып табылады. Осындай компаниядағы адамдар кәсіпорынның дамуы үшін қызмет етеді. Сәйкесінше, бұдан табыс өнімділігі артады», - деді В. Соломатина.

Оның айтуынша, адами капитал экономика мен білім саласын үлкен өзгеріске әкеледі. Ол экономиканың құрылғысы емес, керісінше экономиканы қозғайтын күш саналады.

Сұхбат барысында эксперт «Адами капиталдың» елімізде қалай жүріп жатқандығына тоқталып өтіп, өзіндік бағасын берді.

«Мен бұл елге келу арқылы, елде және шетелде білім алған жоғары білікті көп адамдармен араластым.Олар өз кезегінде қазіргі заманғы жаңа тәсілдерді жақсы меңгерген. Осыған қарап, мен Қазақстан бұл мәселеде алдыңғы қатарда келе жатыр деп айта аламын», – деп атап өтті сарапшы.

Вера Соломатинаның пікірінше, адами капитал мемлекетті дамытатын драйвер десе де болады. Ол дамитын болса алдыңғы қатардағы елдердің қатарынан көріну мүмкін болмақ.

«Адами капитал мемлекет үшін ресурс қана емес, елді алға қарай жылжытатын қозғаушы драйвер. Неге десеңіз, біз адами капитал арқылы инвестицияның дамуына, білім сапасының артуына, осы арқылы мемлекеттің дамыған елдердің қатарынан көрінуіне жағдай жасаймыз. Үнемі жақсы жаққа өзгеру, дамуға ұмтылу кез келген мемлекетті алға жетелейді», - деп түйіндеді ол.

Адами капитал - жұмысшының еңбек ету мүмкіндігін, еңбек өнімділігі мен сапасын көтеру мақсатында адамдарға салынатын капитал. Осының нәтижесінде қызметкердің еңбегі жемісті болып, жұмыс сапасы артады. «Адам капиталы» термині алғаш рет Нобель сыйлығының иегерлері, америкалық макроэкономистер Теодор Шульц пен Гарри Беккердің ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы еңбектерінде пайда болды. Т.Шульц нашар дамыған елдердің қиын жағдайын зерттей келе, кедей адамдардың әл-ауқатын жақсарту жерге, техника немесе олардың күш-жігер жұмсауына емес, бәрінен де білімге байланысты деген қорытындыға келді. Ол экономиканың мұндай сапалық қырын адам капиталы деп атады. Г.Беккерге келетін болсақ, ол адам капиталының теориялық моделін жасап, осы мәселе бойынша «Адам капиталы» кітабын жарыққа шығарды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар