Теңге құнсыздануының себебі неде?

/uploads/thumbnail/20180510103043660_small.jpg

Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында доллардың құны Орташа мөлшерлемеде 5 теңгеге өсті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қор биржасында доллар құны 353,53 теңгеге тұрақтаған. Бұл, кешегі 8 тамыздағы доллар құнынан 5,39 теңгеге қымбат. Ал, ақша айырбастау орындарында доллар 356 теңгеден сатылып жатыр.

Осылайша доллар құны 2016 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сессия қорытындысы бойынша тіркелген доллардың орташа бағамымен теңесіп, 2,5 жылдан кейін қайталады.

Теңгенің доллармен ресми бағамы Қазақстан қор биржасының 2 сессиясының қорытындысымен бекітіледі.

Ұлттық банк бір апта бұрын теңгенің әлсіреуін «Теңге бағамының ұзақ мерзімді үрдісіне іргелі факторлар әсер етеді, оларға негізінен мұнай бағасы, негізгі сауда әріптес елдері валюталарының бағамдары, сондай-ақ төлем балансының жай-күйі, инфляция деңгейі, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі, әлемдік пайыздық мөлшерлемелер жатады», - деп түсіндірген. Шетелдік инвесторлардың портфельдік инвестициялары Қазақстанның валюта нарығына әсер ету факторы ретінде жеке ескеруді талап етеді. Қазіргі уақытта ҚР бағалы қағаздар нарығында Ұлттық Банктің ноттарын ұстаушы бейрезиденттер көлемінің және айырбастау бағамының кері тәуелділігі байқалады.

Ақша

Соңғы уақытта Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) монетарлық саясатының қатаңдауы аясында портфельдік инвестициялардың әкетілуіне байланысты көптеген дамушы нарықтардың ұлттық валюталарының әлсіреуі байқалады, бұл тұрғыдан Қазақстан ерекшеленген жоқ. Сонымен бірге бағалардың нарықтық конъюнктурасы және экономика өсуінің оң қарқындары теңгеге қолдау көрсетті және қалған факторлардың әлсіреуші әсерін жұмсартты, бұл теңге бағамының АҚШ долларына қатысты салыстырмалы түрде алғанда шамалы әлсіреуінде көрінді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар