Президент халықты Құрбан айтпен құттықтап жатқанда зымыранмен соққы жасалды

/uploads/thumbnail/20170829114723890_small.jpg

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани халқын Құрбан айт мейрамымен құттықтап, сөз сөйлеп жатқанда президент сарайына зымыранмен соққы жасалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алып.

Аталған оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-де болған. Снарядтар президент сарайы мен бірнеше елдің елшілігі орналасқан Кабулдың үкімет орамына қарай ұшырылған. 

Ауғанстан елінің қауіпсіздік күштері шабуыл жасады деген күдікті екі көтерілісшінің көзін жойды, ұрыс жалғасып жатыр. 

 

Қатысты Мақалалар