Үлкен жүректі жігіттермен таныс, біліс болғаныма өте ризамын.
Қазірге кезде бір адамдарға қайырымдылық жасай салу, қол үшін беріп жіберу деген үлкен мәдениетсіздік, ұят іске айналып бара жатқан бір жаман кесапат індет алып келе жатыр. тіпті ол қайырымдылық ол адам үшін түкке тұрмайтын іс болса да.
Бара бара Қабанбай батыр мен Сейфуллин көшесіне қалай жетсем болады деген сұрағыңызға «Көрсетіп жіберсем не бересіз» десе таң қалмайтын боламыз ау деген ой келеді кейде...
Кезінде енді танымал болып келе жатқанда өрге сүйреп, концерттерін ұйымдастырып жүрген кейбір бауырларым, бүгін «жұлдыз» болып кеткен соң «через губу разговаривает». Талай адамдарға 2-3 минут уақытын алатын, қалтасынан көк тиын шықпайтын бір болмас дүниелермен «обращаться» етіп, ар жағынан «селт етпейтін» жүректің тынысын естіп тауың қайтады...
Бейсен Құранбек пен Қасым Аманжол бауырларымның ҮЛКЕН ЖҮРЕКТІ азаматтар екенін бұрыннан білетінмін, осы жолы іс жүзінде тағы бер рет көзім жетті! Дос емеспіз, туыс емеспіз, алты аласымыз, бес бересіміз жоқ. «бір ауыз сөзіңнің садағасы» дейтін бір ірілік болушы еді бұрынғыларда. Сондай мәрттік көрсететін жігіттер бұл күнде бар болса солар аты аталған екі Азамат екеніне дау жоқ! Алла тағала сіздерге ұзақ бақытты ғұмыр бергей. Мен сияқты талай қазақтың ризашылығын алып жүрген жігітсіңдер ғой. Аман болыңдар бауырларым.
Ахметбек Нұрсила (Facebook парақшасынан)