Ортақ вальюта енгізуді бірінші Путин емес Назарбаев ұсынған

/uploads/thumbnail/20170708172129319_small.jpg

Жақында Елордада өткен ЕАЭО саммиті барысында Ресей Президенті Владимер Путиннің ортақ вальюталық одақ құру туралы айтқаны белгілі. Осыған орай ресейлік қаржы аналитигі, ЕАЭО идеологтарының бірі Александр Разуваев ортақ вальютаның не үшін "Алтын" деп аталуы керектігін түсіндірді.

"Қамшы" порталы Александр Разуваевтың мәлімдемесін қазақ тіліне аударып бергенді жөн көрді.

А.Разуваев, қаржы аналитигі:

- 2012 жылы алғаш Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы бастамалар көтеріле бастағанда, мен одақ аясында ортақ вальюта - Алтын деп аталуы тиіс деген ем. Алтын - бұл өте еуразиялық атау. Өйткені, қазіргі саяси ахуалдарды ескерер болсақ, орыс пен белорустің рубльі мен қазақтың теңгесі тұрақсыз әрі сенімсіз сияқты. Алтын бізге жақын келеді. Себебі, бұрынғы Патша өкіметі кезінде де негізгі монеталар - алтын болған. Мысалы, орыстың деньги, деньга, қазақтың теңге сөзінің түп тамыры Алтын ордадан бастау алады. Одақ аясында болған соң, ортақ вальютаның дербес атауы болуы керек. Мысалы, Еуропалық одақ елдерінде вальюта "марк" немесе "крон" емес қой, біріңғай "еуро". Ал "евраз" деген атау сөзсіз көшірме секілді естіледі. Ортақ вальюта енгізу туралы бастаманы сонау 1994 жылы МГУ-дағы лекциясында Нұрсұлтан Әбішұлы көтерген болатын. Бірақ, Советтер одағы құлаған кезде, бірқатар елдерде постсоветтік рубль айналымда жүрді. Тіпті, сол кездің өзінде аталмыш елдерде біріңғай вальюта рубль қылып жібермек болған. Алайда ол кезде гипперинфляция, девальвация жүргендіктен барлық елдер одан бас тартты. Содан 1993 жылы жаңа Ресей өзінің рубльін шығара бастады. Ал ортақ вальюта енгізу ол кезде орындалмай қалады. Ал 2005 жылы вальюта енгізу туралы сөз қозғалған кезде Лукашенко мен Путин аса бір ықылас танытқан жоқ. Өйткені ол кезде экономикалық және саяси ахуал тұрақты болатын және ол кезде ешқандай "Алтын" немесе оның баламасы туралы емес, ресейлік рубльге көшу керек деп танылған болатын. Енді Еуразиялық экономикалық одаққа келер болсақ, биылғы жаңалық 2025 жылға қарай Алматы ЕАЭО-ның қаржы орталығына айналатыны туралы келісімге қол қоюылуы болды.

11093366_1636421193244504_1097281222_o

- Алтын - бұл экономикалық майданның қаруы емес, бұл суверенитетті қаржылық жүйе. Жыл соңынан бері қарай ресейлік рубльдің құнсыздануымен , әлемдік нарықтағы мұнай бағасының түсуі - рубльге деген сенімді жоғалтты. Ал алтын осындай қысыл-таяң кезеңдегі тығырықтан шығаратын бірден-бір жүйе.

- Менің бір көзім жеткені, қазір бүкіл әлемдегі медианың рөлі мен ықпалы өте жоғары. Осыны пайдалана отырып, біз ЕАЭО-ның ортақ вальютасы "Евраз" немесе "Евразиялық вальюта" емес "Алтын" екенін айта беруіміз керек. Сонда ғана, Алтын халықтың санасына сіңіп, құлағы үйрене береді. Одан кейін ортақ вальютаны сөзсіз "Алтын" деп атауға болады. Біз ортақ вальютамыздың тамыры Алтын Ордадан бастау алатынын естен шығармауымыз керек.

Аударған Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар