«ҚАЗАҚСТАНҒА – ТУБЕРКУЛЕЗСІЗ БОЛАШАҚ»: мүмкіндіктер мен қиындықтар

/uploads/thumbnail/20170708172207516_small.jpg
   19-наурыз күні Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың Ұлттық сараптамалық орталығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай конференция өтті. Жиынды Туберкулез проблемалары Ұлттық орталығы мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырған.   24-наурыз – Әлем елдерінің туберкулезге қарсы күрес күні. Конференцияға келген мамандар осы атаулы дата аясында туберкулезге қатысты маңызды мәселелерді ортаға салды. Туберкулез проблемалары Ұлттық орталығының директоры Тілеухан Әбілдаев 2014-2020 жылдарға арналған Жол картасының туберкулезбен қарсы күрес бағдарламасы бойынша жасалған, жасалып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Конференция барысында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мамандары, Санитарлық-эпидемиялық сараптама мен мониторинг ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Әлім Мазғұтұлы, Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығының директоры Жәмила Еркінқызы, Орталық Азиядағы USAID компаниясы директорының орынбасары Дэвид Браун және өзге де білікті мамандар түрлі тақырыпта баяндама оқыды.  Соңғы 10 жылдағы туберкулезге қарсы арнайы бағыттағы және үздіксіз шаралар еліміздегі тұрғындардың туберкулезге шалдығу көрсеткішін 54,9%-ға, ал өлім-жітім көрсеткішін 77,4%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда, ауруға шалдығу ықтималдылығы 9,5%-ға азайып, көрсеткіштер 73,4-тен 66,4-ке дейін қысқарды. Ал өлім-жітім көрсеткіші 16,1%-ға тең болды. 100 адамға шаққандағы көрсеткіш бұрын 5,6 болса, ол 4,7-ке дейін төмендеді.  Жалпы бір ай бойы туберкулезге қарсы ашық есік күні өткізілді. Тұрғындар кез келген уақытта мамандардан кеңес алып, денсаулығын тегін тексертуге мүмкіндік алды. Және «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде де атқарылған жұмыстар бойынша есеп берілді. Ресми стастикаға сүйенсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша жыл сайын 8 миллион 600 мың адам туберкулезге шалдығады. Бұл есепке көпдәріге төзімді жарты миллион адамды қосып отыр. Және 1 миллион 300 мың адам жыл сайын осы дерттің себебінен көз жұмады.  «Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы туберкулезбен күресті әлемдік мәселе деп танып отыр. Осыған орай біз бір ай бойы ашық есік күнін өткіздік. Халыққа туберкулез мәселесін жеткізуді мақсат еттік. Халықараалық ұйымдардың өкілдері мен өзіміздің әріптестер атсалысты. Қандай шаралар қолжетімді, бүгінгі диагностика мен емдену мүмкіндіктерін халыққа көрсеткіміз келді. Кешенді шаралар арқылы өлім-жітім көрсеткішін 70 пайызға дейін төмендеттік. Бұл – мемлекттік саясаттың жемісі. Дәрімен қамту мемлекет бюджетінің есебінен. Бізде соңғы диагносткалық жаңалықтардың бәрі іс жүзінде қолданыста бар. Тек Алматы қаласында ғана емес, барлық облыстарда да қолжетімді. Халықаралық ұйымдармен де тығыз байланыстамыз», - дейді Туберкулез проблемалары Ұлттық орталығының директоры Тілеухан Әбілдаев.   ҚР Президенті мен Үкіметінің қолдауының арқасында туберкулезбен күрес шараларына бөлінетін бюджет қаржысы жыл санап көбеюде. 2014 жылы бұл салаға

36244,5

млн теңге, ал 2013 жылы

35472,2

млн. теңге бөлінген. Ал соңғы үш жылдағы қызмет бюджетінің өсімі 12%-ға артты. Осы орайда Орталық Азиядағы USAID компаниясы директорының орынбасары Дэвид Браун туберкулезбен күресте Қазақстан билігінің белсенділігін айтты. Қазақстан жер көлемі өте үлкен ел болса да туберкулезге қарсы күресте барлық аймақтарды қамти алып отыр. Жалпы бұл дертке көп болып, бірлесе қарсы тұруымыз қажет. Сондықтан, біз алдағы уақытта да әріптестік қарым-қатынас орнатуға ниеттіміз», - деді Дэвид Браун.  «Қазақстанға – туберкулезсіз болашақ». Бұл биылғы жылдың басты ұстанымы. Дамыған елдердегідей Қазақстанда да туберкулезге шалдығу деңгейін төмендету негізгі мақсатқа айналып отыр. Еліміздің бүгінгі таңда туберкулезбен күрес барысында атқарып жатқан шаруасына ДДСҰ мамандары да оң бағасын берді. Еске сала кетейік, ақпанның 17-19-ы күндері ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен Қазақстандағы туберкулезді эпидемиологиялық бақылауда ұстау бағасы бойынша Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары арнайы талдау жұмыстарын жүргізді. Олар отандық туберкулез саласындағы ақпараттық жүйе мен өзге де есептерді сенімді деп бағалады. Және туберкулез бойынша ақпараттар мен статистикалық көрсеткіштердің растығына көз жеткізді.  Сондай-ақ, Алматы қаласының бас фтизиатры, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрлан Мұқышев «Туберкулезге шалдығу деңгейі жыл санап азайып келеді. Биылғы жылдың екі айдағы қорытындысын айтсам, туберкулезге шалдыққан балалар мүлдем кездеспеді. Адамдардың өз денсаулығына қарауға деген жауапкершілігі де жоғарылады. Бірақ ешбір жерде тіркелмеген мигранттар арасындағы туберкулез мәселесі әлі толық шешімін таппады. Туберкулезге ұшыраған мигранттар емделейін десе, не құжаты, не өзе анықтамалары жоқ» деген ойымен бөлісті.  Өзге де сұрақтар бойынша Туберкулез проблемаларының Ұлттық орталығының баспасөз орталығына хабарласуға болады:

 

Қатысты Мақалалар