Иранда теракті ұйымдастырғандар қатыгездікпен жазаланды

/uploads/thumbnail/20181001144917877_small.jpg

Иран әскерилері Ахвазда теракті ұйымдастырғандар мен олардың Сириядағы Евфраттың шығыс жағалауындағы нысандарына зымыран тастады. Бұл туралы Ислам революциясының күзет Корпусымен байланысты Sepah News порталы хабарлады.

Порталдың мәліметіне сәйкес, соққыны Ислам революциясының күзет Корпусы жасады. Террористердің көбі мерт болды. Жараланғандар бар.

Қыркүйектің соңында Иранның Ахваз қаласында әскери парад кезінде атыс болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 28 адам мерт болды, 60 адам жараланды. IRNA агенттігінің таратқан ақпары бойынша, терактіні  Сауд Арабиясымен байланысы бар “Ахваздағы патриоттық араб демократиялық қозғалысы» өз мойнына алды.  

Екі күннен кейін Иранда терактіге қатысы болуы мүмкін 22 адам ұсталды.

Иранның жоғары көшбасшысы аятолла Али Хаменеи теракт АҚШ-тың басшылығымен жасалғанын мәлімдеді. Ал Иранның СІМ басшысы Мохаммад Джавад Зарифтің айтуынша, лаңкестік әрекетті «терроризмге қолдау білдірген аймақтық демеушілер мен америкалық нұсқаушылар» жасады.  

Иранның әскери қорғаныс күші де содырлар АҚШ және Израилмен байланысы бар деген ойда. Сауд Арабиясы терактіге қатысы жоқ екенін айтады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар