Илон Маск Tesla компаниясынан қуылды

/uploads/thumbnail/20181001155651737_small.jpg

Бағалы қағаздар мен АҚШ биржасы (SEC) бойынша құрылған комиссия Tesla компаниясының басшысы Илон Маскті алаяқтық жасады деп айыптап, бас директор қызметінен алып тастауды талап етті. Соның салдарынан акция 12% құлдырады.

Естеріңізге сала кетейік, SEC Маскті сотқа берген. Олардың айтуынша, Илон Маск «компания жекешелендіріледі» деген жалған  ақпарат таратқан.

Tesla компаниясы SEC-тің барлық шарттарын орындауға келісті. Олардың бірі – Маскті Tesla-ның директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен алып тастау. Бұл шартты орындауға 45 күн берілді. Маск 3 жыл бұл қызметке тағайындала алмайды. Бірақ Tesla-ның бас директоры бола алады.

Tesla компаниясы 20 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуі қажет. Бұл қаржы зардап шеккен инвесторларға үлестіріледі. Tesla компаниясы кеңесіне екі тәуелсіз директорды тағайындайды. Сонымен қатар, Масктың жазбалары мен мәлімдемелерін тексеріп отыратын адвокат жалдайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар