Иракта жаңа президент

/uploads/thumbnail/20181003172823802_small.jpg

2 қазанда Ирак парламенті «Күрдістанның патриоттық одағы» партиясының өкілі Бахрам Салихті ел президенті етіп сайлады. Дауыс беру процесінде Бахрам Салихтің кандидатурасын 301 депутаттың 165-і қолдады.

Жаңадан сайланған президент сейсенбі күні бұрынғы Ислам Советінің басшысы болған Адел Абдул Махдиді премьер-министр етіп бекітті әрі жаңа үкімет құруды тапсырды.

Ирак конституциясына сәйкес, Адел Абдйл Махди 30 күн ішінде парламентке жаңа үкімет құрамын ұсынуы тиіс.

Айта кетейік, Иракта президент негізінен формальді қызмет атқарады және өкілеті шектеулі. Премьерлікке ұсынылған Адел Абдул-Махди бұған дейін вице-президент, мұнай министрі және қаржы министрі қызметтерін атқарған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар