Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов Конор Макгрегордың "қайтадан реваншты күтемін", деген мәлімдемесіне жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Сен шынымен реванш болғанын қалайсың ба? Күлкімді келтірмеші Конор. Маған бұл жекпе-жек өте оңайға соқты. Мен саған бір ғана кеңес беремін. Кезекке тұрғаның дұрыс", - деді Хабиб Нұрмағамедов.
Еске салсақ, 6 қазанда Лас-Вегас қаласында Конор МакГрегор мен Хабиб Нұрмағамедовтың жекпе-жегі өтті. Аталмыш жекпе-жекте Хабиб Нұрмағамедов Конорды тұншықтыру тәсілі арқылы жеңген. Кейін Конордың командасы мен Хабибтің арасында төбелес орын алып, шу шыққан. Пресс-конференцияда чемпиондық атағын сақтап қалған спортшы келеңсіз оқиға үшін кешірі сұраған болатын.
Пікір қалдыру