ҰҚК қызметкерінің мүрдесі табылған "Аланда" қонақүйі жұмысын тоқтатпайды

/uploads/thumbnail/20181017124702629_small.jpg

Whatsapp-ты Астана қаласының қонақүйлерінің бірінде азаптап өлтірілген ҰҚК қызметкері табылды деген ақпарат шарлап жүр. Анығын айтқанда, қолы кісендеулі әрі скотчталынған делінген болатын. Бүгінге дейін ІІД ләм-мим деп аузын ашпады. Қысқа-нұсқа қайырғандары: «Үстіміздегі жылдың 16 қазанында Астанадағы «Аланда» қонақүйінде ҰҚК қызметкерінің мүрдесі табылды. Ешқандай азаптау белгілері байқалмады». ІІД баспасөз қызметі осыдан басқа ешқандай ақпаратты халық жария ете алмайтындықтарын ерекше атап өтіпті. «Қамшы» өз кезегінде ҰҚК-ге, ІІМ-ге де ұзақ қоңырау шалды. Алайда халықты толғантқан сұрақтар жауапсыз қалды. Өйткені органдар  телефондарын көтермейді.

«Аланда» қонақүйіне қоңырау шалғанымызда ресепшіндегі менеджер Валерия қандай да бір ақпарат беруге құқылы еместігін айтты. Ондай құқыққа ие аға менеджер орнында болмай шықты. «Аланда» қонақүйінің төрт жұлдызы бар. Демек бұл тап-таза, қызмет көрсетілуі сын көтеретін, элиталық деңгейге сәл жетіңкіремейтін елордалық қонақүйлердің бірі. Мұндағы нөмірді тәулікке жалға алу 35 000 теңгеден басталады. Жұрттың жағасын ұстатқан жағдайдың қонақүйде орын алуы бірінші рет пе деген сұрақ менеджерлер тарапынан жауапсыз қалды.

Бір айта кететіні, марқұмның жасы 25-те болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар