Қазақстан Республикасының Президенті биылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы барысында «7-20-25» бағдарламасына қазақстандықтардың белсенен араласпағанын айтып, шенеуніктерді сынаған болатын. Осыған орай бағдарламаны халыққа тиімді етіп жасаудың жолдарын іздеуді тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаевтан сөз естіген шенеуніктер бірден іске кірісіп кетті. Қазақстан азаматтары ендігі «7-20-25» бағдарламасы арқылы оңай әрі тиімді жолмен пәтер алу мүмкіндігіне ие болды. Ең қызығы, қазақстандықтар ақшаларын үнемдейді. Сееюі елімізде 50 мыңға жуық тұрғын үй сертификаттары іске қослмақ. Мақсаты - алғашқы жарнаны арзандату. Ал 2018 жылдың аяғына дейін жалпы саны 10 мың сертификат бағдарламаға қатысуға ниетті азаматтарға берілмек.
Шенеуніктер осылайша бағдарлама бойынша үй алғысы келетін азаматтарға үлкен жеңілдік жасағысы келді. Әр облыс әкімі аталмыш сертификаттарды өз өңірінің тұрғындары арасында береді.
«Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбековтің айтуынша, жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотеканың алғашқы жарнасын субсидиялау бойынша әрекет етуді Мемлекет басшысының өзі тапсырған. Әрі мұндай сертификатты алатын мамандық иелерін де атапты.
«Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, тұрғын үй сертификаттарын беру мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және өзге де жергілікті өңірлерге қажетті мамандық иелері үшін ипотеканың қолжетімділігі арта түспек», - деді Қайрат Алтынбеков баспасөз конференциясы кезінде.
Бұған қоса, алғашқы жарнаны азайту бойынша жұмыс процесіне «Нұр Отан» партиясы қолдау көрсететін болады. Әрі сертификаттар осы аптадан бастап әр өңірлерде беріле бастайды.
«7-20-25» сертификаты 1 миллион теңгені құрайды. Ал Қазақстан азаматтарын «7-20-25» бағдарламасына қатысуға ынталандыру үшін бюджеттен кемінде 50 миллиард теңге бөлінеді», - Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін де алғашқы жарнаны азайту мақсатында шаралар қолданылған. Қыркүйекте «7-20-25» бағдарламасы аясында «Жас арман» мен «Қамқор баспан» өнімдері әзірленген еді. Ал енді осы өнімдер біріктіріліп, алғашқы жарнаны жеңілдету мақсатында 1 миллион теңгелік сертификат әзірленді.
Айта кетейік, банктер биыл шілде айынан бастап «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беруді бастап кетті. Ал жеңілдетілген ипотеканы кімдер ала алады? Бұл сауалға ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жауап берді. Айтуынша, ипотекалық бағдарламаға тұрақты жұмыс бар кез келген адам қатыса алады. Алайда ол азаматтың атында баспана болмауы тиіс. Және несие тарихы да дұрыс болуы керек. Бұдан бұрын Елбасы «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық банк пен Үкімет бірлесіп жұмыс істеу керек.
«Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек. Ұлттық банк кемінде 1 триллион теңге қаржыны тартатын арнайы компания құрып, оны банктердің жоғарыда айтылған шарттарына жауап беретін жаңа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсауы қажет. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде миллион қазақстандық баспана алу мүмкіндігіне ие болады», – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.
Пікір қалдыру