Қытай билігі бірнеше жылдан кейін Антарктидада мұз үстінде әуежай салуды көздеп отыр. Ал мұның қажеті не дерсіз? Бірнеше алпауыт мемлекеттер ширек ғасыр бойы Антарктидаға ауыз салып, мұндағы мол байлықты иемденуге тырысып жатыр. Ресей үкіметі мұзды өңірге арнайы экспедиция жіберіп, қазірдің өзінде бұл жобаны қірі көлемде қаржыландырып отыр. Өйткені аталған мұзды аймақта мұнайдың мол қоры бар. Сондықтан таяудағы болашақта Антарктидадаға келген туристік топтар мен арнайы экспедиция мамандары қытайлықтар салған әуежайға қонатын болады.
Қытайдың «Кэцзи жибао» басылымының хабарлауынша, әуежайда ұшу жолағы мен әуе терминалы орналасады. Оған бірақ бірнеше жыл уақыт кетеді. Алайда мұз үстіне әуежайды салу үшін алдымен бірнеше мемлекетпен келісіп алу қажет. Өйткені әуе жолының қащықтығы ұзақ болуына қатысты Антарктидаға жеткенше, Қытайдың Сюэин 601” ұшағы бірнеше жерге аялдауы керек.
Ескерте кетейік, Антарктиданың жер көлемі – 14 миллион шаршы шақырым. Мұндағы мұздың қалыңдығы – 5000 метр. Әзірге мұз басқан өлкеде шамамен алғанда, 7 миллиард тонна мұнай мен 4 триллион текшеметр газ бары анықталып отыр
Пікір қалдыру