«7-20-25» арқылы үй алу қаншалықты тиімді? Сарапшылар пікірі

/uploads/thumbnail/20181016115904016_small.jpg

Қазақстанда пәтер мәселесі қашан да өзекті. Тәуелсіздік жылдары әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында елімізде миллиондаған шаршы метрден асатын пәтер берілді. Қаншама отбасына жеке пәтердің кілті табысталды. Алайда мұнымен қиындықтар атта қалды ма? Міне, мәселе қайда?

2000 жылдардың басында еліміздің мыңнан аса тұрғыны ипотекамен танысып үлгерді. Алайда  оның іске асыру тетіктері жеке меншікті қорғауға кепілдік бермеді, себебі он жыл бойы тиісті қаражатты төлеу мүмкін емес еді. Ал төлемді созған жағдайда жеке меншікті тартып алып отыратын. Ал бүгінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының арқасында тұрғындар «7-20-25» бағдарламасы арқылы тиімді бағада тұрғын үй алу құқығына ие болады. Ең алдымен, бұл бағдарлама өзінің жеке пәтері, тұрғылықты үйі жоқ адамға бағытталған. Әрі бағдарламаға қатысушы өзі таңдайтын құрылыс компаниясының алғашқы нарығына негізделген.

Бағдарламаға сәйкес, номиналды пайыздық төлем 7 пайызға дейін түсті, бастапқы төлем шегі 20 пайыз болып бекітілді, төлем мерзімі 25 жылға дейін ұзарды. Алайда бағдарламаға қатысатындардың табысы тұрақты әрі жеткілікті, әлеуметтік қорғалған азамат болуы тиіс.

Тұрғын үй бағдарламасының жаңа түрі қаншалықты тиімді әрі сенімді? Бұл туралы Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Найля Дейшен, «Жұмыс берушілердің құқықтарын қлоғау жөніндегі  ерікті қоға» қоғамдық ұйымының төрағасы Владимир Пермин, сонымен қоса Халықаралық бизнес университетінің доценті Шұға Әбеуов жауап берді.

Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Найля Дейшен:

-Меніңше, бағдарламаға қатысушы құрылыс компаниясын өзі таңдай алатын мүмкіндігі бар бағдарлама елімізде бірінші рет қабылданып отыр. Белгілі болғандай, номиналды пайыздық көрсеткіш 7 пайызға дейін төмендеген, ал бастапқы төлем шегі 20 пайыз болып бекітілсе, төлем мерзімі 25 жылға дейін. Сонымен қатар, несие тек теңгемен беріледі және ешқандай комиссиясыз. Коммерциялық банктердің ипотекасымен салыстырғанда талаптары тиімді секілді көрінеді.  Алайда бағдарлама қарыз алушы мен кредитор арасындағы қарым-қатынастың нарықтық сипатын да көрсетеді. Бұдан бөлек қаржылық тәртіпті, әлеуметтік қорғалған және ай сайын төлем жасауға мүмкіндігі бар азаматтар ғана ипотекамен үй сатып ала алады.

«7-20-25» бағдарламасының жоспарына сәйкес, пәтер Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында 25 миллион теңгеден қымбат болмауы тиіс, ал өзге өңірлерде 15 миллионнан асып түспейді. Ипотеканы құрылыс компанияларының кез келген жаңа пәтерінен алса болады. Құрылыстың жылына, тұрғын үйдің түріне, тіпті өңірге де шектеу жоқ. Жаңа бағдарламаға сәйкес, көп қабатты тұрғын үйдің пәтерін ғана емес, ауылдағы жер үйді де ала аласыз. Бастысы, нысан жаңа, эксплуатацияға тапсырылған болса болғаны. Бағдарлама қарыз алушының алдын ала төлем мөлшерін қатаң түрде анықтайды. Бұл дегеніміз сатып алмақ болған пәтердің бағасының бастапқы 20 пайызы төленуі тиіс деген сөз. Одан артық немесе төмен бағада төлеуге болмайды. Немесе бастапқы төлемді қандай да бір мүлікпен алмастыруға болмайды. Өзге бағдарламаларда мұндай мүмкіндік қарастырылған. Тек ақшалай төленуі тиіс.

Бағдарламаның жеке пәтері жоқ тұрғындарға негізделгенін ескерсек, бағдарлама бойынша ипотекалық несиелер бірыңғай тұрғын үй қарыз алушыларымен қамтамасыз етіледі.

Өз тәжірибемнен мынаны айтқым келеді. Қазақстанда, әсіресе республикалық маңызы бар қалалардан пәтер алу оңай емес. «7-20-25» бағдарламасына дейін адамдар көп мөлшерде несие алып, ай сайын қомақты ақша төлеп отыратын. Ал жаңа бағдарлама бойынша жүйе оңтайланған. Еуропа мен АҚШ-та осындай жүйені пайдаланады. Ал онда өмір сүру дәрежесі әлдеқайда жоғары.

Бұрын пәтерлердің бәрі дерлік мемлекеттің меншігінде болған. Тұрғындар ол пәтерлерде тек тартын, болды, басқа мүмкіндіктерден ада еді. Ол пәтерін өзі қалағанша қолдана алмады, тіпті сата алмайтын. Шын мәнісінде, совет заманында пәтер алу процесі қиын болатын. Пәтер ау үшін мына төрт мүмкіндікті тиімді пайдалануыңыз керек болды: мемлекет меншігіндегі пәтерді алу, үй салу, кооперативті пәтер алу және тіркелген жеріңе орай ата-анаңнан қалған пәтерді иемдену.

Тіпті, адамдар үй алу үшін кезекте тұратын. 1980 жылдардың басында жағдайды жақсартуға билік тырысты. Түрлі тұрғын үй кооперативтері құрылды. Алайда ол үйлердің құрылысы 90 жылдардың соңында бірақ аяқталған. Адамдар үй алу үшін кезекте тұратын.

Ал бүгінде,  адамдар ипотеканы жеке мүлігі ретінде алады. Егер бүгінгі күні ипотекалық бағдарламалар мақұлдамаса, кей адамдар өздеріне ғана емес, туыстары үшін де бірнеше пәтерден алып отыр деген сөз. Өз басым ипотекаға пәтер алып ширек ғасыр соны төлеуге бекінбес едім. Оның үстіне, банктердің банкротқа ұшырамауына кім кепіл? Басқа да қолайсыз жағдайлар туындап, пәтердің менің меншігіме өтуі екіталай. Егер адам қандай да бір таңдау жасаса, өз таңдауы үшін толығымен жауапты болуы тиіс. Бізде бәрі керісінше – шешімді біреу қабылдайды. Ал ол үшін басқа адам жауап береді.

Халықаралық бизнес университетінің доценті Шұға Әбеуов:

-Президенттің бастамасы: «Әр отбасыға пәтер алу мүмкіндігін сыйлау» өте тиімді әрі стратегия болмақ. Бұл бағдарлама еліміздің 30 дамыған елдер қатарына кіруге септігін тигізеді. Әрі азаматтар болашаққа сеніммен қарай алады. Қолжетімді тұрғын үй – қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процесстердің бағытына негізделген ауыр жол. Ал сол жолда табысқа жетер болсақ, еліміз де жедел дамиды. Азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – тұрақтылық атмосферасының құрылуына септігін тигізеді. Себебі жеке мүлікке ие болған адамның жауапкершілігі де күшейеді әрі өзге адамдардың құқығын таптамайды.

Тұрғын үйдің адам үшін қаншалықты маңызды екені бәрімізге белгілі. Егер жеке пәтеріңіз болмаса, әлеуметтік жағдайыңыз да төмендейді дегенді білдіреді. Отбасын құрып, болашаққа сеніммен қараудан мақұрым қаласыз. Сол себепті президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев осындай тиімді бағдарламаны іске қосты. Алайда көбі 25 жыл төлеу дегеннен қорқады. Бірі мұны көп десе, бірі тиімді деп жатады. Өзіңіз ойлап қараңызшы, банктен өте қомақты қаржыда несие алдыңыз, ол ақшаңыз бір сәтте көзден ғайып болуы мүмкін ғой. Тиімдісі ай сайын қайтарып отыру.

Статистикаға сәйкес, Қазақстан кедей тұрғындары көп кездесетін мемлекеттің қатарында. Ал «7-20-25» бағдарламасы табысы орташа тұрғындарға да тиімді тәсілмен пәтер алуға көмектеседі. Бағдарламаның арқасында қазақстандықтардың арманы орындалып, жеке пәтерге қол жеткізуге  мүмкіндіктеріне ие болады деп сенемін.

Айта кетейік, банктер биыл шілде айынан бастап «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беруді бастап кетті. Ал жеңілдетілген ипотеканы кімдер ала алады? Бұл сауалға ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жауап берді. Айтуынша, ипотекалық бағдарламаға тұрақты жұмыс бар кез келген адам қатыса алады. Алайда ол азаматтың атында баспана болмауы тиіс. Және несие тарихы да дұрыс болуы керек. Бұдан бұрын Елбасы «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық банк пен Үкімет бірлесіп жұмыс істеу керек екенін айтқан.

«Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек. Ұлттық банк кемінде 1 триллион теңге қаржыны тартатын арнайы компания құрып, оны банктердің жоғарыда айтылған шарттарына жауап беретін жаңа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсауы қажет. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде миллион қазақстандық баспана алу мүмкіндігіне ие болады», – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Қатысты Мақалалар