Су тасқыны және жоғары жаққа жетпейтін шындық

/uploads/thumbnail/20170708174909646_small.jpg

Су тасқыны туралы. Қиналып жатқан қандастарымызды Алла қолдасын! Биліктің есебіне құлақ ассақ, бәрі тамаша екен. Есептеріне қарасаң, сол су тасымаған да сияқты! Ал кейбір БАҚ пен осы ФБ-дағы азаматтарды тыңдасақ, жағдай тіпті де мәз. Меніңше, екі нәрсені ұғып алсақ ел болып. Табиғи апат секілді тосын жайттарды жөнсіз саясаттандыруды, яғни, өз қызметтерінің бабында пайдалануды доғару керек! Болған іс болды, "президентке жаман жағымыздан көрініп қалармыз, оның сайлауалды көңіл-күйіне кірбің түсірсек, таяқ жерміз" деген логиканы қойып, керісінше, елге де, жоғарғы жаққа да шындықты айтып, үкіметтен одан мол қаржы сұрап, оның үстіне қоғамды да көмекке тарту керек емес пе? Осыны қашан ұғынады олар? Екінші мәселе мынада. Алдын-ала болжауға, су деңгейіне мониторинг жасауға тиіс ТЖМ секілді жауапты мекемелер қайда? Басқасын айтпағанда, "ел құлағы - елу", сол әкімдер де сол ауылдарда тұрмай ма? "Судың райы қиын" деген жұрттың сөзін естімеген бе? Көздері соқыр, құлақтары керең боп қалған ба? Болашақта осы жәйттер қайталанбас үшін осы екі мәселені шешіп алуымыз қажет! Әйтпесе, келесі жылы да қар жауады, ол ериді, су тасиды дегендей!

Әміржан Қосанов, Facebook парақшасынан

Қатысты Мақалалар