«ДАРАБОЗ- 2015» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ЖАЗУШЫЛАРЫ КОНКУРСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

/uploads/thumbnail/20170708175252063_small.jpg
ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ «Дарабоз» халықаралық балалар жазушылары конкурсы  (ары қарай Конкурс)  2015 жылдың 20–сәуір мен  20–мамыр аралығында өтеді. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  1. Жас жазушылар мен балалар жазушыларын танымал ету;
  2. Өскелең ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ балалар әдебиетіне қолдау көрсету;
  3. Балалар жазушыларының беделін көтеру және балалар әдебиетінің дамыту
  ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ Ұйымдастыру комитеті құрамына конкурстың құрылтайшылары, серіктестері мен демеушілері, қызығушылық танытқан ұйым өкілдері.

Премияның ұйымдастыру комитеті конкурсты және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты кешін ұйымдастырады. Ұйымдастыру комитеті конкурсқа жіберілген шығармаларға пікісарап жасамайды, авторларына қайтармайды. Сонымен қатар, ұйымдастыру комитеті конкурсқа ұсынылған шығармалараға байланысты авторлармен пікір алмаспайды. Ұйымдастыру комитеті мен әділқазы алқасының мүшелері конкурсқа қатыса алмайды. Ұйымдастыру комитеті

www.daraboz.org

www.baurzhan.kz

және

www.zhersu.kz

сайттарының оқырмандары тарапынан жоғары баға алған шығарма авторларына хабарлап, марапаттау кешіне шақырады.

КОНКУРСТЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ
  • «ZHERSU» корпорациясы
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР, СЕРІКТЕСТЕР
  • «Бауыржан» қоры
  • Қазақстан жазушылар одағы
  • «Дәурір»,  «Атамұра»,  «АлматыКітап» баспа үйлері

 

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ РЕТІ Жеңімпаздар  әділқазы алқаларының дауыс беруімен анықталады. Әділқазылар отырысы 25-мамыр күні өтеді.

Әділқазы алқаларынан ең көп дауыс жинаған автор, конкурс жеңімпазы болып танылады, яғни гран-при жүлдегері. Жеңімпаздан төмен, бірақ басқа конкурсанттардан жоғары дауыс жинаған Автор 1,2,3 орындарды иеленеді (орындар мемлекеттік жән орыс тілінде бөлек- бөлек тағайындалады). Дауыс беру қорытындысы қатысушыларды ресми түрде марапаттау кешіне дейін жарияланбайды. Ұйымдастыру комитеті қатысушылармен пікір алмаспайды және жаряланған шешім соңғысы болып есептеледі. Премия жеңімпаздарына дипломдарды, ақшалай жүлдерлері Алматы қ. 2015 ж. 1-маусымда өткізілетін премия қатысушыларын марапаттау салтанатты кешінде табыстайтын болады. Қонкурс жеңімпаздарын марапаттау салтанатты кеші өтетін орынға жету шығындарын конкурсқа қатысушы өз мойынына алады. Барлық шығармалар

www.daraboz.org

.  сайтында жарияланады.  

ПРЕМИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР Премия үміткерлері

6-80 жас аралығындағы кез- келген қатысушы бола алады. Премияға шығармаларды тек қана оның авторы / авторласы ғана жолдай алады. Анонимдік шығармалар, шынайы (паспорт бойынша) аты көрсетілмей,  бүркеншік атпен, үшінші жақпен жолданған шығармалара қабылданбайды. Шығармалар қазақ не орыс тілдерінде жазылған болуы тиіс. Әр қатысушы конкурстың бір жанры бойынша 3 шығармаға дейін жібере алады. Конкурсқа алдыңғы жылдары жіберілген шығармалар қайта қатыстырылмайды және қаралмайды. Сонымен қатар, факс арқылы, қолмен жазылған шығармалар және   2015 жылғы конкурс шартында көрсетілмеген жанрда жазылған шығармалар қарастырылмайды және қатыстырылмайды. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері конкурсқа қатыстырылмайды.  

ЖАНРЛАР
  • Проза, поэзия, әңгімелер (ертегілер)
ЖҰМЫСТАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ Жұмыстарды конкурсқа ұсыну ұйымдастыру комитетінің info@daraboz.org электронды адресіне хат жолдау арқылы жүзеге асады.

Өтініш қабылдау кезеңі 2015 жылдың 20–сәуір мен 20–мамыр аралығын құрайды.

ҰСЫНЫЛАТЫН ШЫҒАРМАЛАРАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Конкурстың мәні қазақ және орыс тілінде жазылған, конкурс талаптарына сай жеке әдеби шығармашылық жұмыстар болып табылады. Конкурсқа қатыстырылатын шығармалар 2015 жылдың 20–сәуір мен 20–мамыр аралығында қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін анкетаны (Қосымша құжат) толтырып, оған талаптарға сай ресімделген шығармашылық жұмысты тіркеп жіберу керек. Қатысушылардың жеке мәліметтері құпия болып саналғандықтан, үшінші жаққа берілмейді.

ЖҰМЫСТАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ҰСЫНУ ҮШІН ӨҢДЕУ ТАЛАПТАРЫ
  • шығармалар электорнды түрде *.doc, *.docx (файл форматы - Microsoft Word немесе RTF, шрифті Times New Roman немесе Arial Cyrillic,  шрифт көлемі 12, жол аралық интервал 1,5) болуы тиіс.
  • бет жиектері: сол жағы 3 см, жоғарғы және төменгі жағы 2 см, оң жағы 1,5 см;
  • конкурстық жұмыс көлемі аралықты қосқанда 20 000 белгіден аспауы тиіс (А4 форматындағы 12 беттен аспауы тиіс).
ЖҰМЫСТАР КЕЛЕСІДЕЙ ӨЛШЕМДЕР БОЙЫНША БАҒАЛАНАДЫ:
  • қазақ салты, мәдениеті мен тұрмысының толық ашылуы;
  • жанрға сәйкестігі;
  • стильдің тыңғылықтығы;
  • шығарманың тәрбиелік немесе патриоттық мағыналылығы;
  • шығарма сюжетінің Қазақстанмен немесе қазақ мәдениетімен ұштасуы.

Әдеби шығармаларды қарау барысында олардың әдеби-көркемдік құндылығы, мазмұнның бірізділігі, жазба тілінің айқындылығы мен образдылығы есепке алынады.

ПРЕМИЯ НОМИНАЦИЯЛАРЫ
  1. Гран при (біреу) - 1 000 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісім-шарт
  2. 1 орын (екеу) - 700 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісім- шарт
  3. 2  орын (екеу) - 300 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісім- шарт
  4. 3 орын (екеу) - 200 000 тг + кітап шығару үшін Баспамен келісім- шарт
  5. БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН (біреу)
ШЫҒАРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Автор, өз шығармаларын конкурсқа жолдай отырып, ұйымдастыру комитеті мен әділқазы алқаларының шешуімен шығармалардың Қазақстан Республикасының кез келген қаласында жариялануына тосқауыл бола алмайды, әрі авторлық гонорар талап ете алмайды. Ұйымдастыру комитетінің байланыс құралдары : Электронды адрес: 

info@daraboz.org

       Телефон:  8 727 3 15 15 11

  ҚОСЫМША БЕТ
  1. Тегі, аты, әкесінің аты (паспорт бойынша):_________________________________
  2. Жасы, тұрғылықты мекен жайы: __________________________________________
  3. Негізгі басылымдарға нұсқау көрсетіле отырып жазылған қысқаша шығармашылық биографиясы: __________________________________________________________

______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________

  1. Кез келген қосымша ақпарат (тек қана ұйымдастыру комитетіне қолжетімді): ______________________________________________________________________

______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________

  1. Байланыс телефоны, мекен жайы, e-mail (тек қана ұйымдастыру комитетіне қолжетімді): ______________________________________________________________________

______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________  

Қатысты Мақалалар