Жантүршігерлік өрттің салдарынан бір адам қаза тапты (видео)

/uploads/thumbnail/20190112121324953_small.png

Якутскіде көппәтерлі үй өртеніп, құтқарушылар 50 тұрғынды эвакуациялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Семен Данилов көшесінде орналасқан көппәтерлі үйдегі өрт 600 шаршыметрді қамтыған. Өрт туралы хабарлама жергілікті уақытпен таңғы сағат 8:00 шамасында келіп түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар үйден 50 адамды эвакуациялады, өрттің салдарынан бір адам қаза тапқан.

Өртті сөндіру жұмыстарына 60 адам мен 12 техника қолданылған.

Видеодағы кадрдан көппәтерлі үйдің түгі қалмай жанып кеткенін көруге болады.

Қатысты Мақалалар