Сергей Домнин: Ресейліктер өз мұнайының бағасын қазақтарға қарап ауыстырмайды

/uploads/thumbnail/20190219104715187_small.jpg

Ресейлік экономист Сергей Домнин Қазақстанда мұнай бағасының қымбаттайтыны туралы forbes.kz журналына хабарлады. Экономист Венесуэланың жағдайына қарап, елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауының басты себебі - бензин бағасының арзандығы екенін атап көрсетіп, дамушы мемлекеттерді бұл қателікті жасамауға шақырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Елді бензинсіз қалдырмайын десе, Қазақстан үкіметі жанар-жағармай құнын Ресейдегі бағамен теңестіруі керек. Сонымен қатар, 2025 жылы ЕЭО аймағында ортақ мұнай өнімдерінің нарығы құрылады. Ресейліктер өз мұнайының бағасын қазақтарға қарап ауыстырмайды ғой, бұл барлығына түсінікті. Демек Қазақстанда мұнай бағасы 230 теңгеге жетуі мүмкін", - дейді экономист.

Бүгінде Ресейдегі бензин бағасы Қазақстаннан 20 америкалық центке қымбат. Еліміздің ақшасына шаққанда 75 теңгенің арасында.  

Асығат Абзалов

Ұсынған: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар