Мына суреттерден кейін "Титаникті" бекер қайталап көріппін деп өкініп жүрмеңіз

/uploads/thumbnail/20190220161232928_small.jpg

1997 жылы экранға шыққан «Титаник» фильмі 11 «Оскар» алып (бұл рекордты тек 2 фильм ғана қайталай алды, басқа ешбір фильм бұдан асып түсе алмады), кинематография тарихында 12 жыл бойы ең көп касса жинаған фильм атағынан түспей тұрды. Тек дәл сол режиссердің «Аватар» атты кезекті фильмі ғана «Титаник» фильмін аталмыш тақтан бір саты төмендетті. Және дәл сол режиссер біреу жақсы көрген, енді бірі жек көрген жүзінен мейірім төгіліп тұратын жап-жас Леонардо Ди Каприоны күллі әлемге танытты. Бірақ бүгінде бәрі оны байсалды актер ретінде мойындады. Егер «Титаник» фильмі қалай түсірілгені қызық болса, төмендегі суреттерді көріңіз.

Тек осы суреттерден кейін «Титаникті» сан мәрте қайталап көргенім бекер болыпты деп өкініп жүрмеңіз. Ендеше, Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандарына "Титаник" фильмінің түсірілім алаңындағы кадрдан тыс суреттерін ұсынады.

Алып кеме... деп ойладық бәріміз, ә?

Титаник

«Титаник" ешқандай да компьютерлік графикасыз түсірілген. Шынайы кемелердің үлгілерін "батыруға" тура келген. Тек бәрі біз ойлағандай көлемді емес еді. Кейбір көріністерде тіпті кішкентай кемелерді түсірді. Кеменің көлемін жоғарыдағы суреттегі адамдармен салыстырсаңыздар болады. 

 

Каскадерлердің күрделі жұмысы 

Титаник

Фильмдегі ең қиын көріністердің бірі - бөлініп қалған кеме бөлігінің тік көтерілуі еді. Мұндай көріністі тек арнайы павильонда бүкіл конструкцияны арнайы жүкарбаның көмегімен көтеріп түсіру ғана мүмкін болды. 

Кейбір жерлерде адам орнына қуыршақтар пайдаланылды. Бірақ мұндай қалыпта ілініп тұрған адамсыз киноның сәні де кірмес еді. Сондықтан, мұндай көріністерде каскадерлердің еңбегі орасан зор. Фильм түсірушілер түсірілім кезінде кем дегенде үш адамның төменге құлап, сүйектері сынғанын кейінірек мойындады. 

 

Әлі билеген жоқпыз, бірақ сонда да шаршап отырмыз...

Титаник

Түсірілім актерлерді әбден шаршатты. Сондықтан, дубль арасында тынығып алуға қарсы емес еді. Тіпті декорациялық жеделсатының ішінде болса да... 
 
 
Есесіне, билейтін кез келгенде, тіпті режиссердің өзі де билеп кетті...
Титаник
Кэмерон кадрға жиі түсіп қала беретін. Себебі, түсірілімді бүге-шігесіне дейін өз бақылауында ұстауға тырысты. Мына көріністе режиссер дайындық жасап, билеп жүрген актерлерде де көңілді сияқты. 
 
 
Драма деп осыны айт! / Күннің суықтығы сонша, тіпті өз-өзіңе ұқсамай кетесің.
Титаник

Фильмде бірінші сурет драмалы болып көрінеді. Джек Роузды палубаға әрең тартып шығарып жатыр. Енді сәл болмағанда Роуз тым биіктен төмен қарай құлайтын еді. Алайда, түсірілім кезінде бәрі соншалықты қоқынышты көрінбейді. Құласа да онша биік емес. Ал төменде оқыс жағдай бола қалса, Кейтті қағып алуға дайын көмекші жасырынып отыр.

Ал екінші суретте фильмнің ең есте қаларлық  сәттерінің бірін түсіруге дайындық барысы керемет болып жатыр. Біріншіден, шынайы сияқты көрінетін кеменің бір тұмсығы дайын. Екіншіден, керемет ауа-райы. Ауа-райының кереметтіге сонша, тоңып қалмас үшін актриса да үстіне тон киіп алған. Үшіншіден, ол негізі Кейт Уинслет емес, оның дублері. Өзге адамдармен дайындық жасау себебі, жарықты қалай түсіргені дұрыс екенін алдын-ала анықтап, дайындап алу.  

 

Зиялы қауым ба? Жоқ, естімедіңіздер ме? 

Кейт Уинслет

Кейт Уинслет фильмдегі кейіпкеріндей тентек еді. Өзгелердің бәрі түсірілім кезіндегі салмақты көрініске дайындалып, рөлге кіріп, өздерін байыпты ұстап тұрса, Кейт еркелеп, көңіл көтеріп тұр.

 

Соңғы "өсиет"

Титаник

Кейіпкерлердің тұрысын милимметріне дейін есептеп, бақылап, бәрін Кэмерон жеке өзі реттестіріп жатыр. 

 

Сырдың суы сирағынан келмейді

Титаник

Жарайды, сираққа дейін емес, белге дейін. Бірақ дегенмен терең емес қой, иә? Фильмнің соңғы көріністері. Роуз бен Джектің суда қалуы. Тереңдігі бір метрдей резервуарда түсірілген. Сондықтан, актерлер жүзіп қана қойған жоқ, сонымен қатар, "мұхиттың" түбінде тізесімен еңбектеді де. 

Негізі, бар марапатты Кэмеронға беру керек. Ол  басынан-аяғына дейін суда кейіпкерлермен бірге "жүзіп жүрді". Шынын айтқанда, олардан сәл айырмашылығы болды, әрине. Актерлерге қарағанда жылырақ киініп, су кірмейтін шалбар, аяқ киіммен жүрді.

Титаник

 

Қазір сенен суға кеткен қатып қалған адам жасаймыз

Титаник

Түсірілім кезінде бәрі су болды. Тіпті бет әрлеушілер де. Кейде дәл судың ортасында кейіпкерлердің бояуына түзету енгізуге тура келді. 

 

Су процедуралары

Титаник

Джеймс Кэмеронның әрбір дәлдікке кенедей қадалатынын ендігі түсінген де шығарсыздар? Фильм барынша шынайы, ал актерлердің эмоцияларын керемет етіп түсіргісі келгені сонша, ол тіпті батып бара жатқан "Титаник" көрінісін мұздай мұхит суында түсіреміз деп шешті. 

Актерлер фильмдегідей расымен де өлгенше қатып қалмас үшін, түсірілім алаңына ыстық суы бар ванналар әкеліп қойды. Түсірілім арасында актерлер жүгіріп барып, ыстық ваннаға жылынып отырды.  (Жоғарыдағы суретте Ди Каприо ыстық суға жылынып жатқан әріптесінің көңілін көтеріп отыр) 

Ол аздай, барлық кейіпкерлерге гидрокостюмдер таратты. Олар оның астынан жылу сақтайын іш киімдер киіп алды. Ди Каприо оған түк қарсылық білдірмеді. Сол себепті, фильмнің кейбір жерлерінде ол анағұрлым "етті" болып көрінеді. Өзін сәл толық деп санайтын Уинслет экранда ыңғайсыз болып көрінемін деп уайымдады. Сөйтті де, гирдрокостюм образға кіруіме кедергі жасайды деп, оны киюден бас тартты. Жылу сақтайтын киімсіз ұзақ уақыт жүрген тек Кейт болды. Нәтижесінде, актрисаның өкпесі қабынып кетті. 

Бұл суреттер "Титаник" туралы көзқарасыңызды өзгерпеген шығар деп үміттенеміз. Дегенмен, кадрдан тыс сәттер көпшілікке қызық қой. Солай емес пе? 

 

Дереккөз: neskychno.com

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қатысты Мақалалар