Павлодарда он төрт жастағы қыз үш жастағы екі сіңлісін өрттен аман алып шықты

/uploads/thumbnail/20190205103732226_small.jpg

Павлодарда жасөспірім қыз өрттен өзінің үш жастағы сіңлілерін аман алып қалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Today.kz сайтының дерегін негізге алып. 

21 ақпанда 15:29-да өртке қарсы пультке Карл Маркс көшесіндегі жеке екіқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Үй ішіндегі заттар, жиһаз, ағаштар өртенген. 

Өрт 16:35-те ауыздықталып, 19:51-де сөндірілді. Өрт ауқымы 120 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер үйден төрт газ баллонын алып шықты. 

"Өрт сөндіру кезінде жартылай күйген 1948 жылғы ер адам табылды. Өрт сөндірушілер келгенше үйдегі он төрт жастағы қыз өзінің 2015 жылы туған екі сіңлісін терезе арқылы сыртқа алып шыққан", – делінген  ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар