Бір отбасыдағы 3 адам газдан уланып қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20190302104743052_small.jpg

Алматы облысының Талғар қаласында бір отбасының үш мүшесі иіс тиіп көз жұмды. Олар 1973 жылғы әкесі, 2001 және 2005 жылы туған балалары, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпараттың дерегін негізге алып.

Мамандардың айтуынша, отбасының анасы ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын-ала болжам бойынша қайғылы оқиғаға қатты отынмен жылытылатын пештің ақауы себеп болуы мүмкін. 

Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанымен Алматы облысында улы газбен улану фактілері жиілеп кетті. 2019 жылдың басынан 18 адам иіс тиіп  көз жұмған. Өткен аптаның сенбісінде Үшарал қаласында бір үйден жеті адам улы газбен уланып, олардың біреуі жан тәсілім етті. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қатысты Мақалалар