Баяғыда Обаманың белсенділігіне, қарапайымдылығына сүйсініп отыратын едім. Енді өзіміздің президенттің белсенді жазбасын көріп ішім жылып қалды. Ең бастысы, қазақ тілінде жазылған. Мейлі біреу жазып беріп отырған шығар. Сол біреудің қазақ ұлтын жақсы көретін азамат екені көрініп тұр. Бұрын Елбасыға жаңалықтар қалай жетіп отырғанын білмеймін. Ал президенттің әлеуметтік желіні оқып, қолданатыны маған ұнап отыр.
Бұл бір жағымпаздық емес! Бұл өркениетті дамыған елдердің бір көрінісі. Мейлі, ол кісі бұл орында уақытша шығар, уақытша болса да, екінші адамның басқару механизміне куә болдық! Әйел басқарған көш оңбас! Бұл кісінің келуін жақсылыққа жорып, артынан нағыз ұлтын сүйетін көшбасшының келуін тілеймін!
Қасым-Жомарт президентімізге мүмкіндік берейік.
Айгүл Орынбектің Facebook-тегі парақшасынан
Пікір қалдыру