Әлемде адамдар туралы әңгімелер көп. Олардың кейбіреуі қорқынышты, басқалары алаңдаушылық сезімін тудырады, таңғалдырады, тіпті шабыттандырады. Сонымен, әртүрлі дәуірдегі оқиғалардың ең таңғажайыптарын оқырман назарына ұсынады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Маугли Марина Чапманның оқиғасы

Маринаның оқиғасын Эдгар Райс Барроуздың Тарзан туралы фильмінің сюжетінің канондық нұсқасы ретінде қарауға болады. 5 жасар қыз өткен ғасырдың 50-жылдары Колумбияның Джунглиінде қалып қояды. Оны белгісіз адамдар ұрлап, орманда тастап кеткен. Көп ұзамай нәрестені маймылдар тауып алады. Қыз маймылдарға тез үйреніп, қауымдастықтың мүшесіне айналады: төрт аяқтап қозғала бастайды, азықтарды ұрлап жейді, мүмкін болса, кейбір дыбыстарды жасайды. 5 жылдан кейін Маринаны браконьерлер тауып алып, ақша табу үшін борделге жібереді. Алайда жасына байланысты Чепман қызметшісі болып, көп қиындық көреді. Оны ұрып-соғып, қапаста қамап ұстайды. Мариана барделден қашып кетеді. Көп ұзамай оны жақсы адамдар асырап алады. Осылай әділдік жеңеді. Бүгін Марина отбасымен Ұлыбританиядағы Бредфордта тұрады. Ол қайтадан адам қалпына келіп, сөйледі, тіпті аспазшы оқуын аяқтады. Дегенмен оның өміріндегі осы бір таңғажайып кезеңнің әсері әлі күнге бар. Мысалы, Марина әлі де төрт аяқтап жүріп, ағашқа еркін өрмелейді.
Құс-адам

280 жыл бұрын болған бұл ғажайып оқиға бала туралы. 1735 жылы кішкентай Тауч қаласында тұратын 28 жастағы Йоханна-София мен 38 жастағы Андреас төртінші баласының өмірге келуін күтеді. Алайда уақытынан бұрын туылған сегіз айлық нәресте Шмиттер отбасын шошытты, себебі адамның және тауықтың ерекшеліктерін біріктірген бала олардың тұқымында ешқашан болмаған. Дәрігер Готлиб Фридеричи түрі баладан гөрі тауыққа көп ұқсайтын нәрестені капсулаға салып, зерттеп, «Сирек адам-монстр» деген трактат жазған. Ол капсула Германиядағы Вальденбург музейінде сақтаулы тұр. Дәрігерлер мен зерттеушілер мұндай тіршілік иесінің қалай пайда болғанын анықтай алмады. Бас сүйегінің клеровой пішіні, құлағының жоқтығы, жүрек мөлшерінің үлкендігі мен саусақтарының үзындығының себебін таба алмады. Ғалымдар бұл жұмбақ баланың жынысын ғана ашты. Ол қыз екен.
Жыландар патшасы

Келесі ғажайып оқиға адам организмінің ерекшеліктеріне байланысты. Бұл жағдай Үндістанда болған. Онда «Жыландардың патшасы» атанып кеткен Сингх-Абу өмір сүреді. Ол жыланның уымен өзіне эксперимент жасап көреді. Оның қаны уды бөліп, пайдалы қоректік заттарға айналдырады. Бұл шынымен таңқаларлық, жылан патшасының қаны ешқандай топқа жатпайды. Сингх-Абу өзінің ерекшелігін бизнеске айналдырып, бауырымен жорғалаушылармен әр түрлі көріністер қойып, ақша табады.
Кристалды жас

Бұл оқиға Солтүстік Африканы ғана емес, бүкіл әлемді таңқалдырған. Өмірде жыламаған адам бар ма? Әрине, ондай адам жоқ. Алайда осы әңгіменің басты кейіпкері кәдімгі көз жасын білмейді. Қыз кішкентайыннан тілалғыш, тәртіпті болып өседі, сондықтан ана-анасы оның ерекшелігін дереу байқамаған. Бойжетіп, анасы мен әкесіне қолғанат болған кезде ғана қызының басқалардан қаншалықты ерекшеленетінін түсінген. Бірде Ханума пияз аршып отырғанда көзінен қатты түйіршіктер аға бастайды. Бұл жас еді. Егер әкесі кристалды зергерлік жұмыстарында пайдалануға шешім қабылдамаса бұл таңғажайып қыз Солтүстік Африка отбасының құпиясы болып қалар еді. Керемет әшекейлер туралы әңгіме халық арасында тарап, оның құрамына қызыққан зерттеушілер іздей бастайды. Бұл таңғажайып кристалдар пластиканың ерекше түрі екен. Оның құрамы әлі күнге дейін белгісіз. Ғалымдар осы таңғажайып құбылысты түсіндіре алмай келеді. Ең таңқаларлық және қуанатын нәрсе Ханумеге бұл қатты жастар ешқандай кедергі жасап, зиянын тигізбейді. Олар кірпікке қатпайды, теріге жабыспайды, көру қабілетіне зияны жоқ.
Күлкілі оқиғалар мен сәйкестіктер
Өмірдегі таңғажайып әңгімелердің арасында тек шошытатын оқиғалар ғана емес, езуге күлкі үйілдіретіндері де бар. Міне, олардың кейбірі:
...1969 жылы Айдың бетіне қонғаннан кейін американдық Нейл Армстронг бірден «Сізге сәттілік тілеймін, Горски ханым!» деген тіркесті айтады. Неге десеңіз бала күнінде болашақ астронавт көрші тұратын жұптың жанжалын естіп қалады. Ұрыс барысында Горский ханым күйеуіне:«саған көңілім толғанша, көршісінің кішкентай ұлы айға ұшып кетеді»,- деп айтқан екен.
...1966 жылы 4 жасар Роджер Лозьер есімді бір бала АҚШ-тың Сальем қаласына жақын жерде суға батып кетеді. Баланы Алис Блез есімді әйел құтқарып алады. 1974 жылы Роджер құтқарушысына қарызын қайтарды. Дәл сол желде суға батқан Алис Блездің күйеуін өлімнен құтқарған.