Қытайда автобус жүргізушісінің ұстамасы ұстап, рөлді еріксіз жібере салғаны видеоға түсіп қалды. Көлік қатты жылдамдықпен келе жатқан деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 18 наурыз күні Сишуанбаньна-Дай автономды округінде болған. Салондағы бақылау камерасынан жүргізушінің денесі құрысып, автобусты жүргізуге шамасы келмей қалғаны көрінеді.
Салонда 19 жолаушы болған – барлығы дүрліге бастайды, олардың бірі рөлді ұстап, көлікті тоқтатқан.
Ұсынған: Мақпал Сембай