Әкім: Балабақшада 6 тілді оқытуымыз мүмкін

/uploads/thumbnail/20190513170819975_small.jpg

Павладар қаласындағы №56 балабақшасында 6 тіл үйретілмек деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  pavlodarnews.kz сайтының дерегін негізге алып. Аталмыш балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, іске қосылған бойда балаларға ата-аналардың өтініші бойынша бірнеше тілді үйрететін болады. 

Балабақшаға Павлодардың әкімі Әнуар Күмпекеев барып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. 

Әкімнің сөзіне сүйенсек, балаларға тек қазақ, орыс және ағылшын тілін оқытумен шектелмейтінін айтты. 

"Қазіргі таңда Азия елдері зор болашаққа ие. Бұл балабақшада қытай, жапон және кәріс тілдерін оқытуымыз мүмкін. Әрине, егер ата-аналар қарсылық білдірмесе, 6 тілді оқытатын боламыз", - деді Әнуар Күмпекеев. 

Аударған: Әсел Болатқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар