Вьетнамдағы таңғажайып жер асты әлемін көрдіңіз бе?

/uploads/thumbnail/20190515150938010_small.jpg

Табиғат адамзатты таңқалдыруын жалғастырып келеді. Вьетнамдағы жер асты әлемі адамзатты таңқалдырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Вьетнамның орталығында, Nha-Ke Bang ұлттық паркінде ғажайып флора мен фаунасы бар Шондунг үңгірі орналасқан. Оны ең алғаш рет 1991 жылы жергілікті фермер Хо Ханнан тапқан. Қызығы, үңгір өте кең. Биіктігі де адамды таңғалдырады. Шамамен 40 қабатты үйдің биіктігіне жетеді. Ел астанасы Ханойден шашамен 200 мильдей қашықтықта орын тепкен. Зерттеушілердің айтуынша, үңгірдің "жасы" шамамен 2-5 млн жылға жетеді.

Үңгірдің ішінен  көптеген жануарлар мен өсімдіктер табылған. Ұзындығы 9 шақырымға, ені 150 метрге созылған жеке әлемді зерттеу әлі толығымен аяқталмаған. Әр кезде зерттеушілер үңгірден жаңа, таңғажайып нәрселерді табады.

Үңгірге енетін күн сәулелерінің арқасында бірегей экожүйе пайда болған. Жер асты орманының ағаштарында маймылдар секіріп, суында өсімдіктер өседі, ал тастарын мүк жапқан. Онда жәндіктердің де үнін естуге болады.  

200 метр биіктіктегі үңгірдегі үлкен температураның айырмашылығына байланысты бұлттар пайда болған. Онда өзен, көл бар. Тіпті, жағажай да жасалған. 

Вьетнамдықтар мұнда туристік саяхат жасауды ұсынады. Мәселен, 7 күндік саяхат $2300 тұрады.

ловк

ловк

ловк

ловк

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар