"Найк" – америкалық спорттық киімдер компаниясы. Оның негізін Орегон университетіндегі жеңіл атлетика жаттықтырушысы Билл Боуерман мен оның бұрынғы студенті Фил Найт "Ribbon Sports" деген атпен қалаған болатын. Nike брендінің шығу тарихы студент Фил Найт спорттық аяқ киімінің ыңғайсыздығын байқаған 1964 жылдан басталады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Фил Найт спортшы болғандықтан жаттығуға ыңғайлы аяқ киім керек еді. Бірақ 60-жылдары барлық чемпиондар киетін Adidas брендтік кроссовкасы да, арзан 5 долларлық кроссовканың да сапасы төмен болған. Фил Найт Орегон университетінің экономика бөлімінде оқып жүргенде маркетингтік семинарлардың бірінде оның ойына өзінің тауарлық брендін құру идеясы келеді. Әр студент өзіндік жобасымен айналысқанда үй тапсырмасы ретінде өз брендін дамыту стратегиясын және маркетинг жоспарын жасау тапсырылған. Осылайша, жаһандық брендті құрудағы алғашқы қадамдар жасалды.
Фил өзінің жоспарына аяғына дейін сенді. Сондықтан, қолжетімді және жоғары сапалы аяқ киімді шығару үшін студент Жапонияға барып, шетелдік жергілікті компаниямен келісімшарт жасасады. Солай өз кроссовкаларын шығара бастайды. Бастапқыда Филдің "Ribbon Sports" (компания алғаш осылай аталған) компаниясында тіпті жеке дүкен де жоқ болған. Ол бүкіл елді жүк машинасымен аралап, көшеде аяқ киім сатқан.
Бір күні ол Джефф Джонсон есімді спортшыны кездестіреді. Содан бері барлығы өзгереді. Тәжірибелі спортшы брендті алға жылжытуды білетін үздік маркетолог болып шығады. Осылай Фил мен Джонсонның кроссовкалары сатыла бастады.
1965 жылы олар компания үшін жаңа атау "Nike"-ты ойлап тапты. Себебі Джонсон түсінде Ник атты қанатты жеңіс құдайын көреді.
1971 жылы әлемге танымал "Найк" логотипі пайда болды. Оны Портленд университетінің студенті Кэролин Дэвидсон бар болғаны 30 долларға ойлап тапқан. Кейінірек Фил Найт оны гауһар тастармен көмкерілген мүсіншемен марапаттап, тіпті компания акциясының бір бөлігін береді.
Атақты логотип ағылшынша «Swoosh» деп аталады және мағынасы жеңіс әкелетін Ник құдайының қанатын білдіреді.
Шынында да, Nike көптеген бәсекелестерін артта қалдырды, бірақ оның басты жетістігі – бүкіл әлемдегі көптеген адамдардың сенімі мен алғысы.
1990 жылы компания өзінің шетелдік кәсіпорындарындағы еңбек шарттарының әшкереленуінен зиян шекті, бірақ спорттық аяқ-киімдер мен жоғары класты киімдер өндіретін кәсіпорын ретінде сақталды. Қазіргі кезде "Nike" компаниясы әртүрлі спорт тауарларын жасауда көшбасшы болып келеді.
Пікір қалдыру