1991 жылы АҚШ зерттеушілері Нил Гов пен Уильям Штраус алғаш рет жас айырмашылықтарының ерекшеліктері туралы айтты. Олар адамдардың жас айырмашылықтарына қарап, әртүрлі уақыттағы ұрпақтардың құндылықтарына негізделген теорияны құрды. Қазіргі таңда X, Y және Z ұрпақтары туралы жиі естиміз деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жас теориясының үш негізгі компоненті (X, Y және Z ұрпақтары) және бір қосымша компонент (Baby boomers) бар.
Baby boomers
Бала бумерлерінің санатына 1943 және 1963 жылдар аралығында туылған адамдар жатады. Әдетте, олар өзін-өзі дамытуға, ұжымдық жұмысқа және командалық ойындарда белсенді. Олар "өзін-өзі дамыту - ұжымдық мақсаттарға, жетістіктерге жету қабілетінің өсуі" деп түсінеді. Қазіргі уақытта "бала бумерлерінің" көбі зейнетке шыққан, бірақ әлі де жұмыс істейтіндері бар. Осы санаттағы адамдардың ерекшелігі - жақсы денсаулық пен төзімділік.
X ұрпақтары
Х ұрпақтары - 1963 жылдан 1983 жылға дейін туған адамдар. Олардың ерекшеліктері – өзіне ғана сенім арта алады, балама ойлайды, әлемде болып жатқан нәрселер туралы хабардар болады, таңдау жасауға және өзін өзгертуге дайын адамдар. Осы жас санатындағы адамдардың көбі жалғыз болады. Олардың жұмыстары қиын және жетістікке өзі жетуді мақсат етеді. Олар үзақ жылдар бойы бір салада қызмет атқарып, бірте-бірте мансап жолында биік дәрежеге жетеді.
Y ұрпағы
1983 жылдан 2003 жылға дейінгі аралықта туған адамдар Y ұрпағына жатады. Олардың мақсатқа жету мен жетістік туралы түсінігі өзгеше: көп жағдайда кәсіби өсуін төменгі деңгейден бастауды ұнатпайды. Олар дереу өсуді мақсат етеді және бұл олардың бір кемшілігі. Дегенмен бұл жетіспеушілікті ақтап алуға болады. Бұл санаттағы адамдар бірден бірнеше сала бойынша жұмыс атқарып, барынша көп ақпарат білуге және кәсібилікке ұмтылады. Олар үшін тек бір салада қызмет істеу мүмкін емес. Y ұрпағы - қазіргі заманғы бизнестің үміті. Олар техникалық жағынан ең сауатты және жұмыс уақытынан тыс уақытта да жұмыс істеуге деген ұмтылысымен, білімге деген ынтасымен ерекшеленді.
Кейбір сарапшылардың, мысалы, Коммерциялық емес әріптестіктің еңбек нарығының атқарушы директоры Михаил Семкин және «МДМ Банк» ААҚ-ның кадр жөніндегі маманы Ольга Павлованың айтуынша, келесі онжылдықта Y ұрпағы негізгі жұмыс күшіне айналады.
Z ұрпағы
2003 жылдан кейін туылғандар Z ұрпағына жатады. Бұл адамдардың есейгенде қандай тұлға болатынын кәсібилік тұрғысынан бағалауға әлі ерте. Алайда оларды нағыз "цифрлы балалар" деп атауға болады.
Пікір қалдыру