Қарағанды қаласының орталық саябағында жел балаларға арналған батпырауықты ұшырып алып кеткен. Оқиға салдарынан бір бала қайтыс болып, екеуі жарақат алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"25 мамырда Қарағанды қаласының орталық саябағында ауа райының қолайсыздығынан қатты жел қалықтап бара жатқан батпырауықты ұшырып алып кетті. Оқыс оқиға салдарынан 11 жастағы бала ауыр жарақаттан қайтыс болып, тағы екі бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады облыстық ІІД.
Қазір оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсынған: Мият Кәшібай
Пікір қалдыру