"Ертеңнен бастап жүгіремін, диета ұстаймын, күн сайын ағылшын тілін үйренемін. Мен ертең темекіні тастаймын, көп достар табамын, жұмысқа белсене кірісемін немесе өз арманымды жүзеге асыра бастаймын. Менің ертеңгі күнім мүлдем басқаша болады ..."
Ертеңгі күн – біздің күнтізбемізде әрқашан ең күшті күн. Өзгерістерге мұқтаж болсақ, ертеңнен бастап барлық жоспарланған өзгерістерді жасай алатынымызды жиі айтып отырамыз. Алайда ертеңгі күні барлығы ойлағандай болмайды. Күнделікті өмірде біз мұқият дайындалған жоспарды іске асырудың өзі үлкен еңбекті қажет етеді. Сондықтан жәй ғана "ертеңнен бастап өмірімді өзгертем" деген жоспарды бірден орындау өте қиын деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Әдетте адамдар жаңа бастамаларды өз-өздеріне көңілі толмаған кезде немесе белгілі бір ортаға бейімделу үшін бастайды. Бастапқыда қиын болуы мүмкін, себебі өзіңіздің үйреншікті күн тәртібіңізді өзгертіп, жаңа істі зерттей бастайсыз. Көп жағдайларда біздің өзгеру қажеттілігіміз де қоршаған ортаға қатты әсер етеді. Кейбіреулер біздің трансформацияларымызға көз салып, сәттілік тілесе, енді бірі жаңа ісіңізді бағалап, сынауы мүмкін.
Ең бастысы - бас тартпау. Өзгерістер енгізу үшін ерте берілмеңіз. Барлығы бір күнде бола салмайды. Соны естен шығармаңыз. Өз мақсатыңызға жету үшін сізді алға тартатын кішігірім әрекеттерді жоспарлаңыз.
Сонымен, ертеңгі күннен жаңа өмірді қалай бастауға болады?
Кез келген істі басынан бастау оңай болмайды, бірақ батылдық танытып, кішігірім қадамдардан бастау керек. Сіз мінез-құлқыңызды күрт өзгертіп, өзіңізді қайта құруды қарқынды істесеңіз, көп ұзамай бұл әрекеттер сізге тым ауыр көрініп, бәрінен оңай бас тартасыз.
Өмірді тиімді өзгерту үшін не істеу керек?
1. 5 жылдан кейінгі өзіңізді елестетіп көріңіз
Ертеңгі күні өзіңіз ойлағандай табысқа жету үшін күш салмасаңыз, ештеңе шықпайды. Сіз әлі де бірінші қадамды жасауға мотивация іздесеңіз, ертеңгі күннің жоспарын кейінге қалдыру арқылы сіз тағы да 5 жылдан кейінгі өзіңізді жоғалтатыныңызды ойлаңыз.
2. Өзіңізді зерттеңіз
Сіздің өміріңіздің қандай элементтерін жақсарту керек? Кімге немесе неге ең көп назар аударасыз? Өз мақсаттарыңызға қалай жетуге болады? Сізде ынта жоқ болғандықтан, жүзеге асыра алмаған фантастикалық идеяларыңыз туралы ойлаңыз. Өзіңізге жан-жақты сұрақ қойыңыз! Өзіңізді таныңыз.
3. Алдыңызға мақсаттар қойыңыз
Олардың мүмкіндігінше үлкен, бірақ сонымен қатар нақты екендігіне көз жеткізіңіз. Сіздің әрбір мақсатыңыз мүмкіндігінше дәл сипатталуы керек. Сіздің салмақ жоғалтып қана қоймай, оны қалай жүзеге асыратыныңыз маңызды. Сондықтан жоспарлы әрекет жасаңыз. Өзіңізге сұрақтар қойыңыз! Қанша келі салмақ жоғалтасыз? Сізге салмақ жоғалту қаншалықты қажет? Сіз қандай диетаны қолданасыз? Сіз қандай дене жаттығуларды таңдайсыз? Армандарыңыздағы салмаққа жету үшін қанша уақыт қажет?
Әрбір үлкен тапсырма шағын элементтерден тұрады. Тек нақты жоспар ғана сізге мақсатқа жете алатыныңызға сенімділік береді.
4. Әртүрлі әсерлерге дайын болыңыз
Қызығушылық заңы шынымен бар. Сізде күресіп жатқан нәрсеге жету үшін нақты мотивация бар. Енді сіздің жолыңызда туындауы мүмкін қиындықтарды анықтаңыз.
Бұған дайын болыңыз және бұл факт сізді еш таң қалдырмасын. Ықтимал проблемалар мен қиындықтарға жауап беру стратегиясын дайындаңыз. Әрбір сәтсіздікке нүктені қойып, әрекеттенуді тоқтаусыз жалғастырыңыз.
Жоғарыда сипатталған барлық қадамдарды аяқтасаңыз, құттықтаймын! Сіз өз мінез-құлқыңызды, мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізді толық талдай алатын адамға айналдыңыз. Енді өзіңізді өзгерту үшін сізде жоспар бар. Ертеңнен бастап соны жүзеге асыратын уақыт келді!
Пікір қалдыру