Американың Флорида штаты Клируотер қаласында үш метрлік қолтырауын тұрғын үйге кіріп кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Қолтырауын түн ішінде адамдар шырт ұйқыда жатқан кезде келген. Ол жермен жапсарлас орналасқан ас үйдің терезесін сындырып, ішке кіреді. Қолтырауынды ас үйге тамақ ішуге кірген үй иесі байқап қалған. Оны көрместен бұрын, жануар үстел мен орындықтарды аударып үлгерген көрінеді.
Үй иесі дереу полицияға хабарласқан. Оқиға орнына арнайы мамандар жіберіліп, қолтырауынды ұстап алған. Абырой болғанда оқиға нәтижесінде адамдар зардап шеккендер жоқ.
Мамыр айы кезінде Флорида штатын мекендейтін қолтырауындардың күйлеу кезеңі басталады. Ол маусымда жалғасып, сосын рептилиялар ұя сала бастайды. Осы аралықта олар өте белсенді болады, сондықтан адамдардың көзіне жиі түседі екен.
Флоридада миссисипилық, Солтүстік және Оңтүстік Каролина, Джорджия, Техас пен Луизианада мекен ететін қолтырауындар таралған. Ұзындығы 4,5 метрге жететін қолтырауындар жиі кездеседі, бірақ олар орта есеппен 3,4 метрге дейін өсіп, салмағы 200 килограммға дейін барады.
Пікір қалдыру